Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған елге тағзым Рефлексия 1-күн

Туған елге тағзым

1-күн

 

Сәлем! Менің атым Тамила. Мекебімдегі достарыммен бірге біз Атырау қаласында өтетің “Туған елге тағзым” өлкетану экспедициясына аттандық.

Бүгін біздің Атырауда бірінші күніміз. Сағат 5-те бізді Атырау қаласындағы НЗМ мектеп оқушылары мен ұстаздары құшақ жая қарсы алды. Біз қатты қуанып қалдық, себебі, олар бізге темір жол бекетіне бауырсақтар мен айранды алып келіп флешмоб биледі және де көп адам бізді арнайы вокзалға келіп қарсы алды. Олар бізге қуаныш сыйлады. Содан кейін біз мектепке келіп орналастық. Маған психологтар жүргізген квест ойыны ұнады, себебі, біз Өскемен каласындағы НЗМ оқушыларымен таңыстық және тапсырмаларды бірге орындадық, ол арқылы біз коммуникация дағдысын жақсарттық. Маған Атырау қаласы ұнап қалды, себебі осындағы адамдар өте қонақжай және мейірімді. Мен бүгін Аяулым атты Өскемен қаласынан келген қызбен таныстым. Ол өте мейірімді және кеңпейіл қыз. Ол менімен дискотекада билеп көңілімді көтерді. Маған бүгінгі күн қатты ұнады, ертенгі күн маған ұнайды деп үміттенемін.

 
0
0
400

Осы тақырып бойынша

Туған елге тағзым Рефлексия 1-күн - Yvision.kz