«Туған елге тағзым» экспедициясы. Қорғалжын қорығы туралы...
Астана қаласынан 150 км қашықтықта Қорғалжын қорығы орналасқан.Біз Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары автобус арқылы 3 сағат жол жүргеннен соң қорыққа жеттік. Негізінен Қорғалжын қорығы 1968ж ұйымдастырылған.Оның жалпы аумағы 543171га. Бұл қорықта құстардың 294 түрі, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, балықтардың 10-ға жуық түрі мекендейді екен.Бұл қорықты тамашалауға тек Қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де келіп тұрады.Жер бетінде 8-ге жуық құстар ұшып өтетін жол болса, солардың негізгі 3-еуі осы Қорғалжын қорығының үсті арқылы өтеді екен.Бұл қорықтың аумағы өте үлкен болғаннан соң браконьерлер де жоқ емес.Осындай заңсыз жұмыстарға қарсы 70-ке жуық күзетші жұмыс жасайды.Біз қорықтың мұражайында, саябағында болдық.Ол жердің табиғаты өте тамаша. Осылайша Қорғалжын қорығы туралы көптеген мағлұматтар білдік.Алдағы уақытта "Туған елге тағзым" секілді экспедициялар көп болғай!!!
