Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған елге тағзым 7 күн

«Жеті  саны» қазақ даласы үшін әрқашан аса кадірлі  сан болған.Сонымен,Қарағанды қаласынан келген Назарбаев мектебінің оқушыларына осы сан қандай сәттілікке соқтырды???

Бүгінгі күн толығымен кызықтарға толы болды.Бірінші,таң ата білімге  құмарлығымызды қандыру мақсатыында біз Н.Бекежанов атындағы Қызылорда Облыстық Драма Театрына барып,толығымен оның тарихы мен Қызылорда тұрғындары үшін маңызын білдік.Жалпы, театр 1955 жылы ашалған,жыл сайын театрда жас актерлерге кастинг өтіп,өнерлі таланттарға есігі ашық.Негізінен ,театр Қазақстан бойынша соңғы театрлар қатарында емес,оған театрдың жетістіктері мен осы жылда өтетін 9-шы республикалық жарысқа дайындықтары  толығымен  дәлел(жүлделі орын алуға шын жүректен тілектеспін)!!!

Қызылорда Облыстық Драма Театры


"Құлпытастың көз жасы"қойылымы

Екінші қызыққа толы жерлердің бірі-«Абзал және К» күріш өндіру зауыты болды.Онда  біз барлық Қазақстан таныған Абзал Ералиевпен таныстық.Ол осы компанияның басты директоры және туған еліміздің көркеюіне үлес қосушы кісі.

Абзал Ералиев(Р.S. мағұлматтарды біз осы кабинетте алдық)

Ал,осы білімге жанған күніміз өз мәресін әдемі нотада аяқтады. Себебі:өмірімде көрмеген және осындай керемет туралы ойлап та көрмеген әдемі,қонақжай,еңбекші ауыл Нағи Ілиясов атындағы ауылды кездестірдім.

Нағи Ілиясов атындағы ауыл

Сонымен,бүгінгі күніміз ұытылмас әсер қалдырды.

1
0
3112

Осы тақырып бойынша

Туған елге тағзым 7 күн - Yvision.kz