Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған елге тағзым

Екінші күн дәрі жасайтын Santo зауытына барудан басталды. Бүгінгі таңда Santo зауыты Оңтүстік Қазақстан облысының мақтанышы мен абыройына айналды. Бұл зауыттың тарихына үңілетін болсақ, оған биыл 132 жыл толды. Қазіргі таңда, әлемдік сахнада лайықты орын алатын зауыттардың бірі болып саналады. Дәрі дәрмектерді өндіруге арналған субстанциялар Иран, Қытай, Үнді елдерінен әкелінеді. Жоғары технологиялардаң арқасында қатты дәрі – дәрмек өндіру бірнеше сатылардан өтеді: пресстеу, ылғалдандыру, түйіршіктеу, опалау, қаптау. Сонымен қатар, бұл зауыт әлемдік әріптестермен тығыз жұмыс істеу нәтижесінде өз өнімдерін халықаралық стандарттарға сай дайындайды. Бұл фармацевтикалық зауыт өз жұмысын арттыру мақсатында, қазан айында ампула мен инфузиялық қалташалар өндіретін цех ашпақ. Бұл сапар оқушылардың медицина мен фармацевтикаға деген қызығушылығын оятып, болашақ мамандықты таңдауға мүмкіндік береді.

Мұнай өңдеу зауыты «Petro Kazakhstan» сапар шектік. Сапар барысында біз көптеген ақпаратпен таныстық. Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы құрылды. Осындай зауыт тек Солтүстік өңірдің Павлодар қаласында, Батыс өңіріндің Атырау қаласында, Оңтүстік өңірдің Шымкент қаласында бар. Шымкент мұнай өндіру зауыты өз шикізатын Қызылқиядан, Ақтөбеден әкеледі. Бұл жерде мұнай өнімдерінің ішінде жоғары сапалы авиациялық керосин, дизельдік отын, вакуумдық газойл, мазут,бензин өңдіріледі. Бұл өнімдер Қазақстанның шекаралас мемлекеттеріне экспортталады. Мұнай өңдеу зауыты «Petro Kazakhstan» келешекте халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы мұнай өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Біз болсақ, өз алдымызға бұл жоспарды жүзеге асыруды мақсат тұттық.

Бүгінгі күн өз  жалғасын  “Қиял әлемі” саябағынан тапты. Біз әр түрлі аттракциондарға барып, өте керемет әсерге  бөлендік. Әсіресе, оқушылардың көңілінен шыққан  “Бәйтерек” әткеншегі. “Бәйтерек” әткеншегінің шыңына шыққанда, Шымкент қаласының түкпір-түкпірі байқалды.

Кешке “Қиял әлемінен” кейін, Астана күніне арнап мектеп алдында “ Туған күніңмен, Астана!” атты тақырыпқа арнап суреттер салдық. Оқушылар креативтіліктерін пайдаланып, өз сезімдерін сурет арқылы жеткізді. Мектеп алаңы түрлі-түрлі түстерге боялып, оқушылар жақсы көңіл күйге бөленді.

         
0
0
573

Осы тақырып бойынша

Туған елге тағзым - Yvision.kz