«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы
Бүгін сағат таңғы 7:30 дар шамасында ұйқымыздан тұрдық.Содан соң таңғы асымызды ішіп алып , әлемге әйгілі «Шымбұлақ» курортына жол жүрдік.

Ең алдымен көзге түскені бұлтпен таласқан таулар,ормандар және мұздықтар.Көліктен түскен соң арқан жолмен «Шымбұлақ» курортына көтерілдік.Тау шыңына шығу арқылы оның өте қиын екеніне және көп жаттығуды талап ететініне көзіміз жетті .
«Шымбұлақ» ол әлемдегі ең үздік тау маңайындағы курорттардың бірі.3-4 сағат тау үстіндегі серуеннен кейін мектепке оралдық. Түскі ас ішіп алып тынықтық.Күш жинаған соң тұнғыш елбасымызға арналған саябаққа бет алдық.Саябақта серуендеп , елбасы ескерткішімен естелікке суретке түстік.
