«Туған елге тағзым 2017» Атырау
Туға елге тағзым жобасының соңғы күні де келіп қалды. Бүгін "Чаркасанское" шатқалына бардық. Жолда Будда бейнесі бар, қасиетті тасты көрдік. Ол тастың өзіне тән ерекшелігі бар. Ол, тастың үстінде әрқашан жолаушыларға арналған ауыз су тұруы. Сонымен қатар, таста табиғаттың өзі салған бейнелер де байқалады.
Кейін, "Джунгария" лагеріне бардық. Тауға көлікпен шығып, жаяу түстік. Сосын Түрген сарқырамасына бардық. Бұл сарқырама өте таза және ішуге баратын болып шықты. Осы сарқырама туралы аңыздар, деректер көп екен. Солардың біреуі, туризм әсерінен сол жақта адамдардан қалатын қалдықтар тым көбейіп кетіпті. Сарқыраманың қасиеттіліге сол, 2010 жылы сарқырама 10 минут ішінде мұздықтардың суымен барлық қоқыстарды шайып өтіп, өз-өзін тазалап шығады.
Қалған уақытымызды лагер ішінде өткіздік. Лагердегі қызық оқиғаларға тап болдық. Балалар екіге бөлініп, бір тобы Тарзанкіге барса, екіншісі кезектеп қойылған бөренелермен биік жерде жүрді. Лагерде, кейбір улы өсімдіктермен таныстық. Солардың бірі "большеборщ". Егер осы өсімдік денеге тиетін болсы, тиген жерін күйдіріп тастайды екен.
Қалған күнімізді тыныш және көңілді өткіздік. Талдықорған оқушыларының бізге жасаған кешінде болдық. Осылайша, ең соңғы күнімізді тамаша өткіздік. Тамаша күнді өткізіп, ақпаратқа толы күндер үшін Туған елге тағзым бағдарламасына алғысымды білдіремін.

