«Туған елге тағзым 2017» Атырау
Бүгінгі күн біз үшін ерекше күткен және қимастықтың күні, себебі бүгін "Туған елге тағзым 2017" жобасының соңғы күні. Күннің басында біз Текелі қаласына жол тарттық. Бұл жерде біз тағыда тауға қарай көтерілдік. Қиын жолды бағындырып, осы жердің кереемет табиғатына тамсандық. Ақтөбелік достарымызбен бірге өткен жолымыз қызықты сәттерге толы болды. 
Көздеген жеріміз ол 15 метрлік сарқырама болатын. Табиғаттың әсем жарытылысына таң қалып, қуандық. Кейін бастапқы жерімізге қайта оралып, түскі асымызды іштік. Бос уақытымызды Ақтөбе қаласының оқушыларымен бірге ойнап, күліп жүріп, көңілді өткіздік. Кешке қарай мектеп жатақханасына қайта жол тарттық. Кешке бізде Талдықорған қаласының оқушылары дайындаған көңілді кеш күтті. Қоштасар кешімізді көңілді өткізіп, естелік суреттерге түсіп, жобамызды аман есен аяқтадық. Алматы және Талдықорған қалаларының мектептерінің ұжымына бізді қабылдағандары үшін алғысымды білдіремін. Сонымен қатар жобаның басынан аяғына дейін бізбен бірге жүрген, қиын кездерде ортамызда табыла білген, қуаныштарымызға ортақ бола білген Ақтөбе қаласының оқушыларына да өзімнің ерекше алғысызды білдіремін. Және де осы жобаға, жобаға бастама берген елбасымызға алғыс айтамын. Талай оқушылардың басын біріктірген, достастырған, бір үйдің баласындай еткен осы жобаның арқасы. 
