«Туған елге тағзым 2017» Атырау
Бүгін 16.06 біз Алматы қаласынан Талдықорған қаласына жолға жықтық.Жолда "Тамғалы тас" атты жерге тоқтадық. Ол жер көбінесе үлкен тасты тауларымен танымал екен.Ең кішкентай биіктік ол -60м.Биологиялық түрғыдан қарастырар болсақ,ол жерде көптеген буынаяқтылар мен жануаралар бар.Мысалы айтатын болсақ:шегірткелердің алуан түрі, кішкентай құйрықсыз шегіртке және кене жәндігін байқауға болады. Табиғатын зерттеп болғаннан кейін біз биік нүктеге көтеріле бастадық.Мен үшін ең қызық сәт сол болды.Төменге қараған сайын қорқыныш сезімі бойыңды билесе де,барынша жоғарырақ көтерілуге тырыстым.Тағы да қызық ақпараттың бірі болып мен үшін үлкен жар тастағы петроглифтер болды.
Одан соң біз Мухаммеджан Тынышбаев атындағы Талдықорған қаласындағы мұражайға бардық.Мұхаммеджан Тынышбаев негізінен теміржолшы болғанымен , оның тарих зерттеудегі кей қырлары болған ,сондықтан бұл мұражай оның атына берілген.Ол жерден көптеген жаңа ақпараттарды білдім.Мысалға айтар болсам,түрлі бағалы тастар және олардан жасалған әшекейлер.Және де көптеген жануарлар түрлерін көрдім.Сонымен қатар қола заманындағы ескерткіштердің таралы картасын да тамашаладық.
Содан кейін Бикен Римов атындағы Алматы облысының драма театрына бардық.Ол жерде театрдың 42 маусымының жабылуы болған еді."Дертке дауа-Хақ жолы" атты қойылымнығ тамашалыдық.Және ол қойылымның тәрбиелік мәні өте зор болды.Қазіргі заман көрінісін,айқын ақиқатпенен ,әртістер рөлдерін өте жоғары деңгейде сомдайды.
Бұл күн қызыққа толы болды.


