«Туған елге тағзым 2017» Атырау
Талдықорғандағы алғашқы күніміз күткенімнен жақсы өтті. Басында Таңғалы тасқа барып, сол жердегі көне жазбаларды зерттедік. Таста жазылған иероглифтер мен бейнеленген петроглифтердің Ұлы Жібек жолымен бірге келгенін анықтадық. Сол жазбаларды Будда дінін ұстанушылар қалдырғанын бірден байқауға болды. Өйткені, әрбір тастарда Будда құдайы жақсы бейнеленіп, осы күнге дейін тамаша сақталған. Кейін, біз тау шыңына шығып, табиғатты тамашаладық. Солайша, "Көшпенділер" фильмін түсіру үшін салынған, кейін тарихи объект болып сақталған қамалды көрдік.
Сосын, Қазақстанның ең таза қалаларының бірі Талдықорғанға келдік. Мұнда бізді құшақ жая қарсы алды. Қонақжайлықтары үшін алғыс білдіріп, Алматы облысының М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Сол жерден Жетісу өңірінің геологиялық ерекшеліктерін, сол жерден шыққан тарихи тұлғаларды және тарихи қару-жарақтар туралы көп ақпарат алдым. Сосын Бекен Римова атындағы драма театрына барып, тамаша "Хақ жолы" қойылымын көрдік. Қазақ өнерінің осынша жоғары деңгейдее көтерілгеніне мен қатты таңғалып, оның болашағының керемет болатындығына үмітім артты.
Кешкі астан кейін, мен бассейнде жүздім. Бассейннің суы маған қатты ұнады. Талдықорғандағы алғашқы күнім ұмытылмастай өтті.
