«Туған елге тағзым 2017» Атырау
16.06.17 таңертең ерте тұрып,жақсы әрі дәмді таңғы ас жедік.Содан соң біз Талдықорған қаласына жөнелдік,жол ортасында біз Тамғалы тастарда тоқтап Қазақстандағы будда дінінің іздеріне тап болдық.Түскі ас жеп болған соң,Талдықорған қаласына сапарды жалғастырдық.Талдықорғанға келген соң қала табиғаты мен ФМБ НЗМ-нің оқушылары бізді қонақжайлықпен күтіп алды.Бізге дайындаған программа бойынша біз Мұхамеджан Тынышпаев атындағы мұражайға барғанбыз,Мұхамеджан Тынышпаев менің проектіме байланысты болғандықтан,мен өзіме көптеген жаңа әрі қызық ақпарат таптым,мысалы:Мұхамеджан Тынышпаевтың 2 ұлы болды,ол Ескендір және Давлет Шейх-али Тынышпаевтар,Талдықорған қаласында 1974 жылы оның атының құрметіне мұражай ашылды,М.Тынышпаев тарихшы,темір жол инженері,қоғам қайраткері болған және 1900 жылы 30 мамырда Александр 1-ші император атындағы "инженеръ путей " институтына түсу арыз жазады,Тынышпаев Мұхамеджан Тынышпайұлы 29 қыркүйекте 1959 жылы кінәсіздігін дәлелдейтін құжат алады,және "Аттестатъ зрёлости" қабылдайды,көптеген деректер бойынша Қазақстандағы Алаш партиясының Жетісудегі филиалында М.Тынышпаев Алаш партиясының бағдарламасын халыққа мәлімет таратқан болатын,Тынышпаев ағайымыз Түркісіб магистралінің проекторшісі болып келеді,бірнеше тарихи еңбектері бүкіл әлемге тараған,Тынышпаев орындаған Түркісіб магистралі Жетісу жерінде Сарыөзек,Матай,Үштөбе,Айнабұлақ сияқты мекен жерлер пайда болды,құрылыс кезінде Жетісу өңіріндегі халық магистраль өмірді жақсартады деп сенген еді,бірақ қателескен болатын,сол кездегі реформалар Жетуслықтар өміріне өз үлесін әкелді,белгілі әнде айтылғандай,"магистральсіз мұнда ештеңе тұрмас еді".Мұражайдан кейін біз Бекен Римова атындағы Талдықорған қаласының театріне барып"Хақ жолы" атты пьесасын бақыладық.Бүгінгі күн мен үшін Алаш орда және Мұхамеджан Тынышпаев туралы жаңа ақпарат тауып,өзімнің ғылыми жобамды жасауда үлкен үлес қостым.
