Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым 2017» Атырау

Бүгінгі күні Атырау қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алматы қаласымен қош айтысып, Талдықорған қаласына жол тартты. 5 күн бойы Алматы қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірге уақыт өткізгені, қызықты сәттерге толы күндерді кешкені үшін біздің оқушылар өз алғыстарын білдіріп, мұнайлы өлке- Атырау қаласын бейнелейтін естелік сыйлықты сыйға тартты. Жолшыбай біздің оқушылар Тамғалы Тастарға тоқтап, ежелгі заманнан сақаталған петроглифтерды тамашалады. Кейін таза ауады барлығымыз бірге тамақтандық. Шамалы уақыттан кейін Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне де жеттік. Мектеп оқушылары бізді көңілді көңіл-күймен қарсалып, ән шырқап, мектепке шақырды. Осыдан кейін мен журналисттер үйінде "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Жетісу өңірін зерттеуде" тақырыбында өткен баспасөз-конференциясына қатыстым. Бұл конференцияда мен осы уақыт аралығында болған әсерлерім туралы, өз ғылыми жобам туралы айтқанмын. Ол уақытта қалған оқушылар М. Тынышпаев атындағы мұражайда болды. Тарихқа саяхат жасаған соң, біздер Бикен Римова атындағы театрға бардық. Бұл театрда терең оймен болған сахналық қойылым тамашаладық. Қойылым қазіргі күнде болып жатқан оқиғаны бейнеледі. Театр әртістеріне өз ришалығымды білдіремін. Ертең бұйырса Текелі қаласына жол тартамыз. Келер күндерден жаңа әсер күтудемін!

0
0
968

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым 2017» Атырау - Yvision.kz