«Туған елге тағзым 2017» Атырау
15.06.17 Алматы қаласындағы соңғы күн аяқталды.Бүгінгі күн оқиғаларға толы өтті десем қателеспеспін.Әуелден біз Есіктегі ұлттық мұражайға бардық.Есік ұлттық мұражайының негізгі символы Алтын адам,деректер бойынша осы мұражайдың Алтын адамы үшінші жаңғарту болып келеді.Соған қоса Алтын адамды тарихшылар азиялық Тутанхамон атайды және Қазақстан территориясында алғашқы Алтын адам 1969-1970 жылдары кездейсоқ табылды.АА-ды тапқанда 2 сұрақ туындады:1)АА ұл немесе қыз?2)қай ғасыр?.Мұражайдан кейін біз үлкен Алматы көлінде тоқталып,форельдік шаруашылықта болдық
.Көлдің табиғаты мені қатты таңқалдырып,көгілдір суымен қуат сыйлады.Бүгінгі күн мен үшін қызық және Алтын адам туралы ақпаратқа толы күн болды,маған барлығы ұнады.
