Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым 2017» Атырау

Алматыдағы ең  соңғы күн тамаша  өтті. Алдымен Есік  мемлекеттік  тарихи-мәдени  қорық  мұражайында  болдық. Онда 1969-1970 жылы  Бекен  Нұрмұхаммедов  тапқан  Алтын  адам(Азиялық  Тотанхамон)  туралы  жаңа  мәлімет  білдім. Біріншіден, Алтын  адамның тарихы туралы және  қалай  табылғаны туралы  қызық  мәлімет білдім. Мысалы, оны археологтар  емес трактор жүргізушісі  анықтады  деген  қауөсектің  тарағаны, Алтын  адамның әйел  немесе  ер  адам  екенін  анықтауда үлкен  мәсее  көтерілгені және т.б. Сонымен  қатар, Алтын  адамның  киімін  қарастырдық. Соның  ішінде бас киімі  маған өте  қызық болып  көрінді. Себебі, ол бас киім  емес хан  әулеті  екендігін  білдіретін тәж  екендігі  және  онда 3 әлемнің  бейнеленгені(аспан, жер, жер асты)  болғанымен  үшін  жаңа  ақпарат  болды. Тағы да  бір  қызықты  жаңалық ол - Алын  адамның  қылышы. Біріншіден, онда 11  түрлі  жануар  бейнеленген. Екіншіден, оның  көркемделуі  өте  жоғары деңгейде  болғаны.  Есік  қорғанынан  Алтын  адаммен бірге  табылған басқа да  қазбалар  өте   қызықты  болды.Олар  арқылы  сақ заманындағы  зергерлік  кәсіптің  өте  жоғары  деңгейде  дамығанын және қазақ  халқының  өмір  салтының  бастауын  көруге  болады. Кейін, көп  мұражайлардан  жиналған  тарихи  экспонаттармен  таныстық. Соның  ішінде Мұқағали  Мақатаевтың қолжазба  күнделігі, Қабанбай  батырдың  қылышы, сақ әскерінің  сауыты  және  тағы  басқалары  болды.

Мұражайдағы  экскурсиядан  кейін, мен  Есік  өзенінің  жағасында  болдым. Онда  таза  ауамен тыныс  алып,  табиғатты  тамашаладық. Сол жерде түскі  ас  ішіп,  демалдым.

Содан соң, мен АШИМ  фарель  шаруашылығында  болдым. Онда  фарель  балығы  туралы  жаңа  мәліметтер  алдым. Біріншіден, олар тек  тау  суында  тіршілік  етеді. Екіншіден, өлер  алдында  уылдырық  шашады. Осылармен  қоса  тағы басқа пайдалы  деректер  алдым.

Кейін, мектепке келіп  демалдық. Кешкі  астан  кейін, футбол,волейбол  сияқты  ойындармен  уақыт  өткіздік. Алматыдағы соңғы  күн керемет  өтті. Бұл күн  менің  есімде  мәңгілікке  сақталатындай  болды. Алматы  сияқты  мәдениет қаласын  зерттеп, көп  ақпарат  алғаным  үшін мен "Туған  елге  тағзым"  бағдарламасына алғыс  білдіремін.

1
0
1013

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым 2017» Атырау - Yvision.kz