Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым 2017» Атырау

14.06.17 Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайына бардық.Бұл мұражай 1997 жылы 26 тамызда ашылды.Ол жерде биологиялық тұрғыдан қарастыратындай мен үшін ақпарат болмады.Бірақ география  мен химия пәні бойынша көптеген жаңа мәліметтерді ұйғардым.Мысалы:граниттің құрамында кварц болатынын және де еліміздің түрлі ресурс пен пайдалы қазбаларға бай екендігін.Мен үшін шахтадағы қазбаны тасымалдайтын вагонетка дейтін транспорттың бар екені жаңалық болды.Сонымен қатар мен көмір өндірісі Қарағанда мен Екібастұзда ,ал тұз біздің Атыраудағы Индер және Арал жақта өндірілетінін білдім.Одан соң баршамызға белгілі 1986 жылы олған Желтоқсан оқиғсының орнына салынған орталық және Тәуелсіздік монументтің жанында болдық.Сонымен қатар сақ дәуірінен бергі  қазіргі заманымызға дейінгі ел тарихымен ескерткіш бейнелердің көмегімен шолу жасадық.Осы арқылы мен туған жерімнің мәдениеті мен тарихы қаншалықты терең екенін түсіндім. Одан соң бой сергіту үшін біз « Көк төбе» кешеніне бардық. Ол жерде жергілікті телеарна біз туралы қысқаша түсірілімдер жасалынды.Қысқаша айтқанда бұл күнімізде әдеттегідей өте таңқаларлықтай және жаңалықтарға толы болды.

0
0
351

Осы тақырып бойынша