«Туған елге тағзым 2017» Атырау
13.06.17 күні таңғы сағат 7-30 да біз таңғы ұйқымыздан ояндық .Таңғы асымызды ішіп болған соң біз «Шымбұлақ» кешеніне бардық.Әрине ол жақтың табиғатын сөзбен сипаттау мүмкін емес. «Медео» кешенінде әр жыл сайын түрлі қысқы жарыс ойындары ойнатылады екен.Машиналар тек «Медео» орналасқан тауға дейін жүреді екен. Жаз кезінде ол жақта роликтер тебуге болады. Ол жақта тек Алматы және Швейцарияда ғана бар фуникулер орналасқан.Ал фуникулер дегеніміз таудағы арқанмен тартылған кабиналар.Сол кабнканың ішінде отырғанда мен неше түрлі 100 жылдық қылқанжапырақты шыршаларды,биік қайың ағаштарын көрдік.Сосын ол жақтағы кешенге жеткенде тау шыңына шығуды мақсатқа қойдық.Ол жерде өте көп жабайы өсімдіктер және қауіпті буынаяқтылар болды.Мысал кене әр түрлі қоңыздар.Сол 2500 м биітікке көтерілгенде біз қар басқан мекенге де жеттік.Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сол тауда 4380 м биіктікке жеткен екен. Сосын сол нүктені «Нұрсұлтан»деп атаған екен. Біз қатты шаршаған соң,келген фуникулер мен кері қайттық.Сосын сағат
16-00 де Республикалық Алғашқы Президент саябағына бардық.Ол жақтағы сұлулықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Неше түрлі жасыл ағаштар кездесті және менің ойымша олардың саны 150 ден асады.Ол жақта фонтандар өте көп болды. Біз елбасымыздың дәлме дәл мүсініне қарап тамсандық. Солайша күніміз өте қызықты әрі қанық өтті.
