«Туған елге тағзым 2017» Атырау
"Туған елге тағзым" жобасының үшінші күні аяқталды.Аяқталғанына қарамастан менде әлі де көптеген сезімдер қалды.Бүгін таңертеңнен бастап біз Алматы қаласының геологиялық мұражайға бардық,сол мұражайдан мен көптеген жаңа ақпарат білдім,мысалы:геологтар мен шахтерлердің көптеген дала күнделігі,вагонетк,кирка құралдары және тау жыныстары мен минералдары:Гранит,мәрмәр,амозаноид,кварц секілді минералдар туралы ақпарат айтылған.Әрине Қазақстанның атақты геологы Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны қысқа әрі анық айтылды.Содан соң біз НЗМ-іне оралып,Көктөбеге бардық,ал көктөбеде бізді репортерлар тобы күтіп,бізді түсірген болатын.Маған бүгінгі күн қызық болды,және менің ойымша:мен өз ғылыми жобамды жасауда үлкен прогресс жасадым.
