«Туған елге тағзым 2017» Атырау
Бүгін 12.06.17 мен Сағынғали Дәулет өте қызық әрі жаңа ақпаратқа толы күн өткіздім.Алматы қаласының темір жол бекетінен Алматы қаласының ХББ НЗМ-іне дейінгі трансфер кезінде мен мемлекеттік кәсібтерді және ұлттық парктерді тамашаладым,бірақ бүгінгі күннің қызықты аспектісі ол Ұлттық мемлекеттік мұражайы,сол мұражайда көптеген қызықты ақпарат болды,мысалы:Айша-бибі кесенесі 62 түрлі кірпіштен және 62 түрлі ою-өрнектен құрылуы,мезозаврлардың сүйектерін Қостанай облысында табуы,ал мазозаврлардың сүйегін Солтүстік Қазақстанда табылуы,замануи Қазақстанның жаңа мүмкін болашақта Әбілхан Қастеев ағамыз секілді Трашина Светлана,Ирина Попова,Тамара Ли суретші апаларымыздың бейнелері көрсетілімге ілінген,және Қазақстан Республикасының Қазіргі саясаты және басқа елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары жазылды,айта кететін жай ол АҚШ пен ҚР арасындағы қатынас 26.12.91 жылдан басталды,ал Ресей Федерациясымен 21.10.92 бастап досшыл қарым-қатынаста болуы жазылған,ТШО-ның Қазақстан экономикасына әсері мен контракты сипатталған.Менің ойымша бүгінгі күн ”Туған елге тағзым” бағдарламасының және туған өлкеміздің тарихын білуге деген алғашқы қадамның бірі.
