Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым 2017» Атырау

Көптен күткен алма шаһары –Алматы қаласына біз 12.06.17 күні түс уақытында келдік. Әрине,кез келген қала қонағына біздің оңтүстік астанамыз ғажайыптарға толы болып көрінгендіктен,мен де солардың қатарына кірдім. Алғашында көгалдандырылғын қаланың табиғатына тамсанумен уақытымыз өтті.Содан соң бізге есігін айқара ашқан Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Елбасымыздың Зияткерлік мектебінен түскі ас іштік.Содан соң біз Алматы қаласындағы Қазақстан Ұлттық мемлекеттік мұражайына бардық.Ол жақта біз палеонтология ғылымымен таныса отырып,біздің заманымызға дейінгі мекен еткен 1000 түрлі динозаврдың біздің елімізде табылған 22 түрінің қалдықтарын көрдік.Олар үш түрге бөлінген екен.Мысалы: Су динозаврлары,ұшатын динозаврлар және кұрлықта мекен еткен динозаврлардың тістерін,қоректерін,жұмыртқа сынықтарын көрдік.Сонымен қатар біз мұз дәуірінде тіршілік еткен Мамонттардың терісін ,сүйегін,тугін және тағыда басқа оған қатысты нәрселерді көрдік.Тағы да тарихи кесенелердің макеттерін көрдік.Өкінішке орай олардың менің таңдаған биологиядан жобама пайдасы болмады.Бірақ бұл мұражайдан алған ақпараттарымның көбісі мен үшін өте тебірентерліктей болды.Бізге осы мәліметтерді берген мұражай қызметкері сол орталықтағы барлық ақпараттармен толық сонымен қатар қысқа да нұсқа таныстырып өтті.

 
1
0
813

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым 2017» Атырау - Yvision.kz