«Туған елге тағзым 2017» Атырау
Бүгінгі күн мен үшін ең тамаша күн болды. Осы күні мен өзімнің ғылыми-жобама қатысты мол ақпарат алдым. 1997 жылы 26 тамыз күні ҚР және ТР президенттерінің кеңесімен ашылған геологиялық мұражайға бардым. Геологиялық мұражайға барудың арқасында мен кендердің сақталуы, қалай пайдаланатыны және олардың ерекшеліктері туралы бірдім. Мұражайды бірден көзге түсетін ерекшелгі ол - оның шаха түрінде салынғаны. Біріншіден, әрбір минералдың өзіне тән формасы болады. Мысалы, Галиттің(Ас тұзы) формасы шыны тәріздес болады. Екіншіден, осы минералдардың қай жерде кездесетіні жайлы да ақпарат алдым. Мысалға айтсақ, көз жанарын алатын малахиттің қоры тек қаны Солтүстік Қазақстан Облысында Шоқпақ ауданында өндіріледі. Үшіншіден, қай салаларда қолданылатындығы жөнінде ақпарат алдым. Оған мысал ретінде флюоритті алуға болады. Оны оптикада қолдану кең таралған. Сонымен қатар кейбір минералдардың басқа атауларын, ерекше қасиеттерін де қарастырдық. Сонда, Қазақстан жерінде ашылған ресурс түрлерін көрдік. Оларға атаусыз сульфит, роскоэлит сияқты минералдар жатады. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі ол - Қазақстан Республикасының территориясынан табылған таңғажайып көне заттарды сақтауы. Мысалы, акула тістері, ежелгі Юра көлінің астынан табылған минералдар және тағы басқалары. Зерттеу барысында, мұражайдың қысқаша тарихы туралы мәлімет алдым. Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың осы мұражайды ашуда көп еңбек сіңіргендігі туралы ақпарат болды. Осылайша мұражайдағы мәліметтер менің жобама көп пайдасы болды.
Кейін "Тәуелсіздік алаңына " бардық. Осы алаңда Қазақстан тарихын басынан бастап шолып шықтық. 1986 жылы тәуелсіздік жолында құрбан болған жастарды еске алдық. Алаш Орда құрамында болған қазақ зиялыларына тізе бүгіп, құрмет көрсеттік. Алаш Орданың Қазақстанның тәуеліздік алуындағы маңызды орын алатындығына тағы бір рет көз жеткіздік. Осыдан алған мәліметтер бойымыздағы елімізге деген махаббат пен патриот сезімін тағы бір рет лаулап жандырып жіберді.
Кейін Көк төбеге бардық. Онда бізден ТЕТ бағдарламасы бойынша сұрастырып телеарна жұмысшылары келді. Олар бізден сұхбат алып, қандай жұмыстар жасалып жатырғаны туралы сұрастырды. Одан соң, Алматы аймағанды сирек кездесетін жануарлар саябағына келдік. Еліміздік флорасының сондай бай, сондай көркем екендігіне тағы да бір көз жеткіздік.



