Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған елге тағызым (Нариманова Айсара)

Туған елге тағызым жобасы.

Қысқаша рефлексия және блог.

Маусымның бірінші күні біз, яғни «Туған елге тағызым» атты жобаға жолдама алған Павлодар,Астана,Орал,Қарағанды қалаларының оқушыларымен Кокшетау қаласын араладық.

Әуелі бізді Кокшетау қаласының НЗМ оқушылары жылы жүзбен қарсы алып,арнайы концерт қойып берді,яғни флэшмоб биледі,өлең туындыларын айтып берді,және т,б.Күніміз қызықты өтуі үшін бізді «Гарри Поттер» кітабындағыдай Грифиндор,Лизервуд,Пуфтофиль командаларына бөліп тастады,және әр команда мүшелері әр қаланың оқушылары болды.Осылайша біз тез танысып әрі тіл табысып алдық,

Ендігі қаланы аралау саяхатын біз «Достық үйінен» бастадық.Яғни бұл ғимарат ішінде Қазақстанда тұратын әр ұлт өкілдерінің қол өнер туындылары қойылған.Жалпылап айтқанда бұл аймақта 105 басқа ұлт өкілдері тұрады екен, оның  әзірге 20  шақты ұлт өкілдерінің қол өнер туындыларымен ,ұлттық киім кешектері қойылған, алайда болашақта бұл ортаны үлкейтуге жастарға арнап үйірмелер жүргізіліп отырады.Сонымен қатар арнайы жетімдер үйі немесе қарттар  үйіне концерттік шаралар ұйымдастырып , қайырымдылық жұмыстарын жүргізіп отырады екен.Ғимарат сыртында шағын парк орналасқан, және бұл паркті арнайы архитекторлар дизайнынын құрастырған.

Біздің екінші аялдамамыз бұл қала ескерткіштері,кішкентай және парктері болды.Біз Абылай хан,Шоқан Уәлиханов,Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері және Кеңес Одағының екі мәрте батыры,авиация генерал майоры,Ұлы Отан соғысы ардагері Талғат Бегелдиновтың ескерткіштерін аралап тарихына үңіліп шықтық.

Үшінші аялдамамыз бұл «Milk Project» фабрикасы болды.Бұл фабрика Садавое ауылында орналасқан.Бұл заводта сүт өнімдері өндіріледі.Яғни йогурт,сүт,айран өндіріліп шығарады екен.Жәй ғана дүкендегі сүт өнімдерінің мерзімі бір немесе екі ай болса, бұл өнімдер мерзімі 10-15 күнге  дейн ғана жарамды, себебі нағыз сүт өнімдері ғана осындай шарттарды талап етеді.Тіпті сыртқы қаптамасының 90% Ca дан тұрады екен.Оның қаптамасының дизайнын француздер ал құрамын немістер шығарған екен.

                               

2-  күн

Біздің екінші күніміз ерте басталды,себебі біз ұзақ жол жүруіміз керек болды.Бүгінгі барар жеріміз Кокшетаудан 300 км қашықтықта орналасқан «Ботай» деген жерге бардық. «Ботай» археологиялық ескерткіші қазбасындағы далалық семинар.

Біз үш сағаттық жол жүрдік.Біздің мұғалімдердің сұраған талабы бойынша, біз жабық киім киіу керек болды.Себебі бұл жерде нағыз таза табиғат аясында орналасқан.

Бізді археолог ғылым Виктор Зайберттің өзі қарсы алды.Табиғат аясында бізге бұл жердің тарихи маңызын және археологиялық құндылықтарын түсіндіріп берді.Ол өз сөздерін растау үшін өзінің археологиялық жұмыстарын көрсетіп,қазба жұмысы жүріп жатқан жерге апарды.Біз қазба жұмыстарын өз көзімізбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік болды.

Жалпы Виктор Зайберт атамыз Қазақстанның археология және геология саласының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым болып табылады екен.Оның жұмыстарын шетелдік ғылымдар да зерттеп растап жатқаны туралы,өзінің жұмыстары туралы шағын фильм көрсетті.Оның жұмыстарына қарап қазақ халқының қалай дамығанын көруге болады.Сонымен қатар ол бізге өзінің жазған кітаптарын сыйлады.

                               

3-күн

Бүгін біз Кокшетау қаласының индустриялық нысандарын зерттеу барысында қала ішіндегі завод және фабрикаларын араладық.Біздің бірінші аялдамамыз «Тыныс» АҚ заводы болды.

«Тыныс» АҚ –әртүрлі құбырларға,көліктерге т.б құрал жабдықтар жасайтын акционерлік завод.Біз мұнайға арналған құбырлардың қалай жасалатынын көрдік.Металл құбырды жасау үшін ең бірініші оның бейнесін қалқаннан қиып жасайды екен,бұл жұмыстың ең басты бөлігі десек те болады,себебі қалқанды қиып құбыр бейнесіне келтіру үшін қол өнер саласына жақсы болу керек деп санаймын, сонымен қатар қалқаннан құбыр бейнесін жасайтын бөлмеде жұмысшылардың қалқаннан әдемі етіп жасаған ағаштарды,әдемі вазаларды көрумізге болады.Бұған да біз таң қалдық ,себебі кім ойлаған заводттағы жұмысшылардың қол өнерге бейім болады деп?

Екінші қалқанның ішіне балқытылған металлды құяды екен,әрине бұл жұмыс ұзақ әрі күрделі,біраіқ жұмыс барысын осылай түсіндірген жөн деп есептеймін.

Әзірге орай бұл завод өнімдерін тек Қазақстан тұтынады,бірақ болашақта шетелдік компанияларына өнімдерін экспорттайды деп үміттенемін.

Екінші аялдамамыз «Камаз-Инжиниринг» АҚ заводы болды. «Камаз» шанағында жүк машиналарын,өзі артып төгетін машиналар мен арнайы техникалар құрастыру бойынша Көкшетау жаласындағы қазақстандық-ресейлік ірі біріккен кәсіпорын.Біз бұл шағын саяхатымызда Камаз көлік маркасын қалай жасайтынын көрдік.Жалпы камазды бұл заводта «ЛЕГО» ойыншығы секілді құрастырады екен, бірақ бөлшектерін ресейлік немесе шетелдік заводттардан алып келеді.Осының арқасында біз отандық камаз көлік маркаларының әр түрлілігін,әрі қалай жасалатындығын біле алдық.

Үшінші аялдамамыз «Кокшетауминвод» заводы болды.Бұл заводқа саяхат мен үшін өте қызықты болды.Себебі мен күнделікті ішетін сусынымның қалай жасалатынын көре алдым. «Тұран» атты сусындар жер асты суларынан алынатынына ,әрі пайдалы таза екеніне көз жеткізе алдық.Яғни олар суды қаланың ең шеткі нүктесінен алады, ол суды заводқа әкеледі.Ол суды таза күйінде ұстап , түрлі тәжіриберлерден өткізіп , өнім шы, түрлі тәжіриберлерден өткізіп , өнім шығарады,және бұл өнімдерді пойыз арқылы ТМД елдеріне экспорттайды екен.Ең қызығы  2 миллионға дейін бөтелкедерін де өндіреді екен.

Енді төртінші әрі соңғы аялдамамыз бұл «Enki» ЖАҚ заводы.Бұл заводта кірпіш өндіреді,әрі ең дамығаны десек те болады ,себебі бұл заводта жұмыстың көп бөлігі машиналар және роботтар арқылы жасалды ал жұмысшылар оларды басқарып отырады екен.

                 

4-күн

Бүгінгі күні біз күн атпай тұрдық.Яғни бүгінгі күнді біз еліміздің астанасы-Астана қаласында өткізетін болдық.Астана қаласы қатты қашық болған жоқ, себебі Кокшетау қаласы да Астана қаласы да Ақмола облысында орналасқан.Жалпы автобус ішінде үш сағаттай болдық.

Астана қаласына кірген бойда қала шетінен бастап құрылыс жұмысының жүріп жатқанын көруге болады,яғни,менің ойымша,Expo2017-ге дайындық.Бұл қалаға кіргенде өте қатты таңырқап қалдым,себебі бес жыл бұрын Астана қаласы ай дала секілді болып көрініп еді,ал қазір қаланың әрбір нүктесінде үлкен ғимараттарды көруімізге болады.

Біздің бірінші аялдамамыз «Қазақстан Республикасы Бірініші Президенті» музейі.

Бұл Қазақстанның жаңа тарихының музейі.Ол Қазақстан Республикасыеың Президентінің Жарлығымен 2004 жылы 28 тамызда құрылған.Қысқаша әрі жалпақ тілмен айта кетсек, бұл музейдегі бізге ең бірініші Ел басымызға Американың,Ұлыбританияның,Сауд Аравиясының,Қытайдың,Түркияның және тағы басқа көптеген елдердің қолбасшылары сыйлаған сый сияпаттарын көрумізге болады.Жалпы музейдегі экспонаттарға қарап ел басымыздың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы рөлін көрумізге болады.

Азияда олимпиядасында жүлделі Қазақстанның атынан орын алған,Лондон олимпиядасынан орын алған жеңіппаздарымыздың Ел басымызға сыйлығын сыйлықтарын көрумізге болады.Маған экспонаттардың ішіндегі ең ұнағаны бұл байк,яғни мотоцикл десек те болады.Бұл мотоциклмен Қазақстан тұрғыны бүкіл әлем түкпірінде болған,тіпті мұхит үстін кемемен аралаған,осының арқасында ол Қазақстан атынан Гинесстар кітабына кірді.

Екінші аялдамамыз Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі.

Бізді  ең бірінші кішкене ғана шоу мен қарсы алды.Музейге кіргенде аспандағы өте әдемі әрі үлкен алтын түстес қыранды байқаумызға болады,осы қыран шоудың басты рөліндегі жануао екенін көрумізге болады.Шоу кезінде аспандағы қыран алтын қанатын көкке еркін самғап келеді,бұдан олар қазақ елінің еркіндікте өмір сүріп жатқандығын түсіндіргісі келді деп ойлаймын.

Бұл музейдің архитектурасы өте әдемі,әрі модерн стилльнде салынған.Ол 2014 жылы 2 шілдеде ашылған болатын.Еліміздегі ең үлкен музей болып саналады.Жалпы айтқанда ішінде қазақстанда тұрған халықтардың бұрынғы замандағы жағдайы,тұрмыстары,салт дәстүрінің қалай дамығаны туралы экспонаттар бар.

Музей ішіндегі ең қызықты әрі таңғажайып бөлігі ол сегіз жүзден астам жердегі экрандардағы көрініс деп ойлаймын.

Үшінші аялдамамыз бұл әлемге әйгілі Бәйтерек монументі.

Бізге гидтердің айтуы бойынша,Байтерек монументінің дизайнын Н.Назарбаевтың өзі ойлап тапқан екен.Жалпы экскурсия өте қызықты өтті.

Төртінші  аялдамамыз бұл Атамекен этномемориялдық кешені.

2001 жылы 8 қыркүйекте Президентіміздің жарлығы бойынша ашылған болатын.Бұл паркте Қазақстанның әрбір қаласының таң ғажайып ,мәдени ғимараттарының макеті,тау кешендері,жазық далалары макет ретінде құрастырылып салынған.Бұл музейге ұқсас парктің ерекшелігі оның ашық аспан астында салынуы.

   

5-күн

Бүгінгі  күні біз ежелгі қоныстар мен ағаш сәулет өнері ескерткіштерін зерттедік.Осы тақырыптарға біздің бірінші аялдамамыз Қарасай батыр ауылындығы Қарасай Ағынтай батырлардың мемориялдық кешеніне бардық.

Тарихына үңілетін болсақ Қарасай щапырашты руының,Ағынтай арғын руының батыры.Екеуі де осындағы Құлшынбай төбесіне жерленген.Батырлардың мүрдесі жатқан биік адырдан қарағанда ертедегідей есілген көлдермен,көгілдір таулармен көмкерілген Айыртау баурайы жазығының тұмса көркі адамдарға күш пен қуат,мейрім  мен сенім сыйлайтындай.

Мәзірдің ішіндегі ағай бізге тарихын түсіндіріп беріп болған соң дұға оқып,Аллаға сыйынды.

Біздің екінші аялдамамыз бұл Шоқан Уәлиханов музеці болды.Бірақ бірініші біз оның шын мәнінде тұрған үйіне бардық.Үйінің ішінде оның өмірінде қолданған құралдарын, оқыған кітаптарын көрумізге болады.Тіпті үйінің жанында мешітіне дейін әрі моншасына дейін экспонаты ретінде қойып қойған.

Шоқан Уәлиханов музейінде болғанда біз оның өмір баянын тереңірек біле алдық.Мұнда оның ұрпақтары туралы,ата анасы туралы,достары туралы,шығармалары туралы,туындылары туралы өте көп ақпараттар ала алдық.

                                       

6-күн

Бүгінгі экскурсиямыз Бурабай жерінде болды.

Бурабай Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан.Бізге бұл жерге дейн бару екі сағат болды,және ең бірінші жалпы Бурабай тарихын сомдайтын музейге келдік.Бұл музейге кіріп келгенде ең бірініші жай ғана макетті көрумізге болады,бұл макет жалпы Бурабайдың макеті болып саналады.Бізге гидтің бізге ақпараттары бойынша, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 83 510 га, оның ішінде орман алқабы 47 361 га, жер беті сулары 8 493,5 га. Климаты шұғыл континентальды. Қаңтар айындағы орташа температура -16,70С, шілде айының орташа температурасы +18,60С.

Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің 305 түрі бар. Оның 87 түрі сирек кездесетін я жойылуға жақын.Және осы сирейіп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің макеті музейдің ішінде орналасқан.Олардың ішіне аюлар да жатады екен.Ғалымдар аюлар популяциясын көбейту үшін он шақты аю қонжықтарын Сібірден әкелген екен.Бірақ,өкінішке орай бұл тәжірибе іске аспаған,себебі аюлар біріншіден климатына ,табиғатына үйрене алмаған,ал екіншіден олар өскен соң олар климатқа бейімделмегеннің әсерінен қысқы мезгілге орай апанынның ішінде ұйықтаудың орнына қысқы күні тағам іздеуге шыққан екен.Гидтің айтуы бойынща қысқы күндері апанында ұйықтамаған аюлар тағам іздегенде өте ызалы болады екен,және олар тағамдарын жақын жердегі ауылдық жерлерге шабуыл жасайтын болған,бірақ адамдар олардың ауылдық жерлерге зиянын тигіздірмеуі үшін оны атып өлтірген болатын.Сол аюдың ең үлкені бұл музейде экспонат ретінде тұрғанын көрумізге болады.

Екінші аялдамамыз ретінде бізде Бурабай табиғатымен танысып ,оларды көзбен шалу болды.

Ең бірінші  біз Бурабай көлінің жағалауын тамашалап жүрдік және қайыңды орманның ішін араладық.Табиғаты флора мен фаунаға бай жер екен.Бұл жерлерде тіпті кішкентай құмырсқаға дейін қорғауға алынған,яғни бізге тіпті жәндіктерді өлтіруге,басып кетуге,ағаштың талын немесе  жапыраңғын жұлуға қатаң түрде тыйым смалды.Осы кішкене саяхатымыздың ішінде біз таза таудан ағып жатқан бұлақтың дәмін татып қарадық. Саябақ аумағына Үлкен және Кішкентай Шабақты, Бурабай, Шортан, Қатаркөл, Майбалық т.с.с. он төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты, Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар.

Болашақта Экспо 2017 Астанада болады,және Астана мен Бурабай бір облыста орналасқаннан кейін туристтердің көп бөлігі Бурабайіға келулері мүмкін деген болжамдар келіп жатқасын бұл жерлерде жөндеу жұмыстары мен бірнеше ойын сауық жерлерінің салынуына,қонақ үйлердің де салынуына жоспарлар құрып қойған екен.

0
0
1788

Осы тақырып бойынша

Туған елге тағызым (Нариманова Айсара) - Yvision.kz