Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағызым 2017» Атырау

16.06.17 Рефлексия

Бүгін біз Талдықорғанға жол жүрдік. Жолай әйгілі Талғар аймағында орналасқан Тамғалы Тасқа тоқтадық. Тасқа салынған ежелгі петроглифтер мен иероглифтерді қарау барысында, мен Жібек Жолы арқылы буддизмнің Қазақстан территориясына келуі тарихымен таныстым. Сонымен қатар, ең биік нүктеге шығу арқылы Іле өзенінің табиғатын тамашаладық. Табиғаттың тамашалығы соншалық, шетелдік туристтердің өздері арнайы Тамғалы тасқа келген.Тамғалы таста туризммен қоса спорт та дамыған және де осыған байланысты жыл сайын спорт түрлерінен эстафета мен жарыстар өтеді. Шыңға шыққан кезде "Көшпенділер" фильміне арнайы салынған құрылыс орнын көрдік.

 

Кейін Талдықорғанға жеткен соң Алматы облысы М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Мұражайдан Алматы облысының  табиғаты(Алтын Емел қорығы,Тамғалы тас немесе Аспан асты музейі,Есік қорғаны т.т.с,),флорасы мен фаунасы,тарихи-мәдени ескерткіштері, атақты адамдары (Ә.Қастеев., Ш.Уалихинав., Д.Қонаев. және т.б.), КСПРО кезіндегі Қазақстан,EXPO көрмесі тарихы туралы мәлімет алдым.

Экскурсия біткен  соң ,біз "Хақ жолы" атты қойылымды тамашалауға бардық.Аталмыш қойылымды қарау барысында актерлердің шеберлігіне таң қалдық және үлкен үлгі-өнеге ала білдік.

 
0
0
534

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағызым 2017» Атырау - Yvision.kz