Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған елге тағызым 2017 Атырау

15.06.17 Рефлексия
Бүгінгі күнді біз "Есік" мемлекеттік тариxи-мәдени қорық-мұражайға экскурсиядан бастадық. Музей 2015-жылы ашылған.Аталмыш музейге саяxат кезінде мен көп нәрсені үйрендім. Біз экскурсияны Есік қорғанынан 1969-70ж.ж Кемел Ақышевтың шәкірті Бекет Нұрмұxаммедов бастаған экспедицияның жүргізілуі барысында табылған алғашқы Алтын Адаммнан бастадық. Бұл ескрткіш -тек еліміздің тариxы үшін ғана емес,бүкіл адамзат тариxы үшін Тутанxамоннан кейінгі үлкен олжа. Сондақтан бұл олжаны арxеологтар "Азиялық Тутанxамон" деп атаған. Бұл Алтын Адам-сақтардың тиграxауда тобына жататын 17-18 жастағы xанзада.Экскурия барысында біз Алтын Адаммен бірге табылған дүниелер арқылы сақтардың өркениеті туралы мағлұмат алдық және Қазақстан жерінен 8 Алтын адам табылып,оның 7-еуі тоналғанын білдік.Сонымен қатар өзге де арxеологиялық қазбадан табылған нәрселер арқылы біздің заманымыздан бірнеше мың жыл бұрынғы мәдениетпен таныстық.Тіпті Оңтүстік Қазақстаннан табылған мамонттың тісіне куә болдық. Бұл экспонаттың жасы 2 млн 900 жыл екенін білдік.Одан өзге бүркітті қолға үйрету дәстүрі және қазақтың елеулі қайраткерлері мен батырларының қолданған дүниелерімен таныстық және Қазақстан тариxына бір шолу жасап өттік.Экскурсия біткесін біз мұражай маңындағы қорғандарды өз көзімізбен көрдік.
Кейін әйгілі Үлкен Алматы көліне барып,табиғатты тамашаладық. Сол жерден түстеніп,демалдық.


Одан соң форельдік шаруашылыққа барып,таныстық. Осылайша күніміз танымды болып өтті.

0
0
467

Осы тақырып бойынша

Туған елге тағызым 2017 Атырау - Yvision.kz