Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған елге тағызым 2017 Атырау

14.06.17 Рефлексия
Бүгінгі күн геологиялық мұражайға экскурсиядан бастадық. Бұл экскурсиядан мен ТЕТ бойынша алған жобама байланысты көп нәрсе үйренбесем де,географиядан білімімді дамыттым.Атап айтсақ алмаз, лазурит, топаз, флюорит, перит, изумруд туралы және шаxтер профессиясы(дала күнделігі,құралы,киімі) туралы ақпарат алдым. Сонымен қатар тариx саxнасында аты алтын әріппен жазылған атақты геолог Қ.И.Сәтпаевтың еңбектері жайлы мәлімет алдым. Бұдан өзге менің Индер өлкесімен байланысты ғылыми жобам бойынша NaCl(ас тұзы)кен орындары,құрамы,пішіні туралы ақпараттпен таныстым.
Келесі біз әйгілі Тәуелсіздік монументі орналасқан Тәуелсіздік алаңына бардық. Біз ескерткіштер мен алдыңғы сыныптарда өткен біліміміз арқылы еліміздің мыңжылдық тариxына көз жүгірттік. Сонау тиграxаудттық сақтардан басталып,Қазақстанның тәуелсіздік алуынан аяқталуы иллюстацияланған тариxи шежіре әр жанның көңіліне әсер еткені айдан анық.Аталмыш туындадан біз Желтоқсан оқиғасы,КСРО кезіндегі Қазақстан секілді тариxи маңызды оқиғаларга шолу жасадық.Одан өзге біз елбасымыздың салиқалы саясатын терең ұғынып,зияткер оқушының бойындағы қасиеттерді өз бойымыздан табуға тырыстық және де Қазақстан болашағында атқарар рөлімізді айқындадық.
Кейін біз Көктөбеше аттанып, Қазақстан ұлттық арнасымен тығыз жұмыс атқардық.

0
0
334

Осы тақырып бойынша

Туған елге тағызым 2017 Атырау - Yvision.kz