Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

'' Құтты мекен '' партиялық жобасын іске асыру

«Құтты мекен» жобасы «Nur Otan» партиясына елдегі қоғамдық бақылаудың негізгі институты болуға мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты- инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға партиялық жүргізу.

Тұрғындар өз уақытында жоғары сапалы жолдарды, тұрғын уйді,коммуникацияларды және басқа да әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым обьектілеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміқолданыстағы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының басым бағыттарын іске асыру үшін, ауданда тұрғын үй салуға бөлінген жерлерге тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыруға республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырып келеді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылындағы инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына» жобалаушы мекеме «TESS-PROJECT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, 2015 жылдың 1 сәуірінде мемлекеттік сараптаманың №05-0096/15 санды оң қортындысы алынды. Қазіргі уақытта аталған нысан бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Қарағанды жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде, құрылыс-монтаж жұмысының құны 1 550 645 мың теңгені құрайды.

Осы қаржы есебімен Құрманғазы ауылының «Болашақ», «Шипажай» жаңа шағын аудандарына тұрғын үй құрылысысалынатын аумақтардыинженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарменқамту мақсатында жол салынып, газ, су, электр желілері жүргізілуде. Бұл шағын аудандар тапсырылған соң жер алу кезегінде тұрған жеке тұрғындарға «Болашақ» шағын ауданында 68 жеке тұрғын үй, «Шипажай» шағын ауданында 400 тұрғын үй салуға рұқсат берілетін болады.

0
0
242

Осы тақырып бойынша

'' Құтты мекен '' партиялық жобасын іске асыру - Yvision.kz