Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Құтты мекен" партиялық жобасы

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында құрылыс саласының маңыздылығын атап өтіп, көптеген мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына ұйытқы болды. Тәуелсіздіктің 30 жылында ауданда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқарылып, көптеген нысан ел игілігіне берілді.

Осы тарапта «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Б.А. Сағынтаевтың тапсырмасына орай, Бостандық аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссия мүшелері ауданда мемлекеттің қаржыландыруымен жүріп жатқан құрылыс нысандарын бақылауға алды.

«Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссия төрағасы Болатжан Бозымбаев «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында жүргізіліп жатқан нысандардың бірнешеуін аралап қайтты.

Бақылау барысында құрылыстың сапасы мен атқарылуына көңіл бөлді.

0
0
253

Осы тақырып бойынша

"Құтты мекен" партиялық жобасы - Yvision.kz