"Құтты мекен" ұлттық жобасының аясында жүргізілген комиссия мүшесінің тексеру жұмыстары.
"Нұрлы жер" құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен Қарағанды облысы Приозерск қаласында Балқаш көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (2 үй).
Мердігер Жезқазған қаласының "Марал Құрылыс" ЖШС. 45 адамнан тұратын жұмыс бригадасы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Объектіге 3 бірлік техника (тиегіш, самосвал, экскаватор) тартылды.
Қазіргі уақытта 4 қабаттың қабырғалары кірпішпен қалануда. 1 және 2 қабатың терезелері орнатылды. Электромонтаж және сантехникалық жұмыстар қоса атқарылуда. 1 қабаттың қабырғаларына сылақ жұмыстары жүргізілуде. 1, 2 және 3 -ші қабаттардың басбалдақтары орнатылды.
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1174671639596000&id=100011595254142
