"Құтты мекен"
"Құтты мекен" партиялық жобасы аясында партиялық бақылау комиссиясының пресс-конференциясы өтті. К.үн тәртібінде мектептердің қысқы маусымға жылу жүйелерінің дайындығы бойынша мәселесі қаралды. Қала бойынша барлығы 28 мектеп бар. Олардың 14-і орталықтандырылған жылу жүйесінен жылу алса, 14 автономды қазандықтан жылу алады. Бүгінгі таңда барлық мектептер жылумен толықтай қамтылған.

Жиында партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің және бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар қойылып тиісті жауаптар тыңдалып, атқарылып жатырған жұмыстарға оң баға берілді.

