Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Торғай Ет» ​ ет комбинатының жұмысы

Арқалық қалалық мәслихатының депутаты, Абыл Ерденов және «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының кеңесшісі, Жандос Рахметов қаламыздадағы «Торғай Ет» ​ ет комбинатына жұмыс сапарымен барды. ​

«Бүгінгі күні еткомбинаттың өнімдері қай облыстарға сатылуда және қаламызға қарасты ауылдар, Жангелді, ​ Амангелді ауданының тұрғындары ет тапсыруы қаншалықты », - деп сұрады Абыл Ерденов.

Сергей Маловтің айтуынша, «ет комбинат өнімдері қазіргі уақытта Нұр – Сұлтан, Қостанай қалаларында сатылуда және қазіргі уақытта аталған аудандардан ет тапсыру өте аз екенің айтып өтті. Осыған орай 2021 жылы «Торғай Ет» ​ ет комбинаты малбордақылайтын орны ашылады, бұл жұмысты жандандыруға үлкен екпін берері сөзсіз »,​ - деді «Торғай Ет» ​ еткомбинаты директорының орынбасары Сергей ​ Малов. «Торғай Ет» ​ еткомбинаты цехтара заман талабына сай жабдықталған. Барлық санитарлық нормалары сақталған, қала тұрғындарын ​ жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

0
0
477

Осы тақырып бойынша