Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

TOEFL-дің қазақ үлгісі және тілді қайда тегін меңгеруге болады

Мемлекет азаматтардың қазақ тілін білуде қызығушылық танытатындықтан, тіл меңгеруіне көп уақыт бөледі.

Қазақ тілін қайда тегін меңгеруге болады? Қандай оқытатын порталдар бар? ҚАЗТЕСТ дегеніміз не?

Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеше серіктестік әдістерін қолдану қарастырылған.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Мазмұны


  • Тілді қайда тегін меңгеруге болады?
  • ҚАЗТЕСТ – TOEFL-дің қазақ үлгісі
  • Оқулықтар
  • Оқыту порталдары
  • Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  • Қазақ тілі бойынша оқытатын онлайн ресурстардың тізімі

Тілді қайда тегін меңгеруге болады?

Қазір республикамыздың барлық аймақтарында мемлекеттік тіл оқытатын 130 орталық бар. Олардың 57-сінде оқыту тегін жүргізіледі, өйткені мемлекет тарапынан қаржыландырады. Кез келген оқуға ықыласы бар адам оқи алады – мемлекетік қызметкерлер, жұмыссыздар, зейнеткерлер, орамлмандар мен үй шаруасындағылар.

Осындай орталықтағы оқыту курсы 3 ай созылып, аптасына 2 сабақты қажет етеді. Оны бітірген азаматтарға сертификат беріледі.

ҚАЗТЕСТ – TOEFL-дің қазақ үлгісі


Қазақ тілін меңгеру деңгейін енді арнайы ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тексеруге болады. Жүйе 2006 жылы өңделіп жарыққа шықты. Ол4 блоктан тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық блок,оқылым және жазылым. Осындай тәсіл TOEFL, IELTS және тағы басқа көптеген халықаралық тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелерінде қолданылады.

Деңгей жүйесі де бар: А1 – бастауыш, А2- негізгі, В1 – орташа, В2 – ортадан жоғары, С1 – жоғары.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2014 жылдан бастап бұл тест ұлттық және мемлкеттік компаниялардағы аттестациядан өткенде міндетті болады. Қызықсаңыз тестті осы жерде өтуге болады.

Қазақ тілін оқыту әдіснамасын жетілдіру мен оны стандарттау қазақ тілін сапалы түрде оқытуға жол ашады. Осы мақсатта қазақ тілін еуропалық тілдік құзыреттілік талаптарының қағидаттарына негіздей отырып, қарапайым деңгейден жоғары деңгейге дейін тіл меңгерудің талаптарын анықтайтын құжаттың қажеттілігі анықталды.

Ең қарапайым жағдайларда тіл үйренуші тілдік ортада емін-еркін тілдесе алу үшін қандай тілдің дағдылардың қалыптасу қажеттілігі ешбір құжатта анықталмаған болатын. Міне, осы жағдайлар қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзыреттілік талаптарын анықтайтын құжаттың қалыптасуына септігін тигізді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты білім берудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеп, қолданысқа енгізетін құзырлы орган Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен мемлекеттік стандарттар бекітіліп, қолданысқа енгізілді. Мемлекеттік стандарттар тек қана қазақ тілін оқытудың деңгейлеріне сәйкес мазмұнын, көлемін анықтап қана қоймай, әрбір деңгейіне сәйкес грамматикалық тақырыптарды анықтайды. Бұл өз кезегінде қазақ тілінің оқытушыларына, қазақ тілі кафедралары мен тілді оқыту орталықтарына бірден-бір қазақ тілін оқытудағы негізгі нормативтік құжат болды. Мемлекеттік стандаррттар мелмлекеттік тілді белгілі бір көлемде білуі тиіс мамандықтардың, лауазымдар мен кәсіптердің тізімін де анықтауға септігін тигізетін құрал бола алады.

2006 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуге 169 тестіленуші қатысқан. Оның 21-і мемлекеттік қызметшілер болса, 148-і қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын орта мектеп оқушылары болды.

2007 жылы байқау сынақтарына 639 тестіленуші қатысты. Оның 339-ы орыс тілінде білім алатын жоғарғы оқу орындарының студенттері.

2008 жылы 1633 адам тест тапсырды. Осы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан  Республикасы президенті Н.Назарбаевтың халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиясына үміткерлердің қазақ тілін білу деңгейін анқтау ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы іске асырылатыны туралы шешім қабылдады. Халықаралық бағдарлама негізінде қазақстандық дарында жастар бакалаврлық және магистрлік дәрежеде білім алу мақсатында шетелдерде білім ала алады. Әрбір сенім білдіріп отырған жас маманның патриоттық сезімін шыңдауда мемлекеттік тілді білуі маңызды. Осы тұрғыда шетелге оқуға кететін жас талапкердің қазақ тілін қаншалықты деңгейде меңгергенін анқтау шешім қабылдауда көп септігін тигізеді. 2008 жылы тестілеуге 1093 үміткер қатысты.

2009 жылы халықаралық «Болашақ» ситпендиясына үміткер 2252 тестіленуші тест тапсырған болса, оның 252-і әртүрлі сала қызметкерлері. Осы жылдан бастап қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын орта мектептің дарынды оқушылары арасында қазақ тілін білу деңгейінен дистанттық олимпиаданың соңғы қорытындысы кезеңінде ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы тестілеуден өткізілетіні туралы шешім қабылданып, 32 оқушы тест тапсырды.

2010 жылы сынақтарға қатысқан барлық тестіленушілер саны 6400 адамды құрады. Бұл жылы тестіленушілердің негізгі бөлігін мемелекеттік қызметшілер мен халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері құрады. Себебі осы сала мамандары халыққа қызмет көрсету бойынша халықпен тікелей жұмыс атқаратын болғандықтан, мемлекеттік тілді қажетті деңгейде білуі маңызды. Сондықтан осы мақсатқа бағытталған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша өткізілетін тестілеулер өз нәтижесін көрсетті.

2011 жылы 7084 тестіленуші тестілеуден өтті. Бұл жылы өңірлерден тапсырыстар түсіп, мемлекеттік қызметшілер байқау сынақтарын тапсыра бастады. Мемлеккеттік қызметшілердің байқау сынақтары мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын мемлекеттік тілді оқыту курстарының тиімділігін арттыруға көмегін тигізді. Алдымен кімнің қай деңгейде мемлекеттік тілді меңгергендігін біліп алу тіл үйренушілерді бастауыш, жалғастырушы немесе тереңдетілген деңгейлерге бөлуге мүмкіндік береді де, жыл соңында сол деңгейдің оқыту нәтижесін бағалау арқылы деігейге сәйкес сертификат беруге логикалық тұрғыдан дұрыс құрылған сұлбаны анықтайды.

2012 жылы 10250 тестіленуші ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өтті. Бұл жылы халыққа қызмет көрсету саласының медицина бөлігі көбірек тартылды. Ұлттық медициналық холдингтің еншілес мекемелерінің қызметкерлері жүйесі бойынша байқау сынақтарын тапсырды.

2013 жылдың 16-28 мамыр аралығында «А» корпусына үміткерлер мемлекеттік тілді білу емтиханын тапсырды. Тестілеуге жалпы саны – 1123 мемлекеттік қызметгі қатысты. Сауалнама бойынша 1123 тестіленушінің 370-і бұған дейін ҚАЗТЕСТ байқау сынағын тапсырған болса, 753 тестіленушінің бірінші рет тапсырғандығы белгілі болды.

Оқулықтар

ҚАЗТЕСТ жүйесі үшін арнайы оқу құралдары мен бағадрламалары дайындалды.

Қазақ тілін шетел немесе екінші тіл ретінде оқытуға арналған типтік бағдарлама


Типтік бағдарлама қазақ тілін бес деңгей бойынша оқыту мазмұнын анықтайтын басты нормативті құжат болып саналады. Бағдарламаны мемлекеттік тілді оқытуды жетілдіру және стандарттау мақсатында Тіл комитеті қолдансықа енгізді.

Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы




Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде үйренуге арналған. Қазақ тілінің грамматикасы функционалдық аспектіде беріледі. Тіл үйренуші жаттығуларды «осында және дәл қазір» қағидасы бойынша орындай алады. Барлық жаттығулардың дұрыс жауаптары берілген.

Қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша лексикалық минимумдар




Лексикалық минимумдардың ерекшеліктері:

  • Сөздік қордың қалыптасуына ықпал етеді;
  • Лексикалық минимумдар үш тілде тақырыптар және сөз таптары бойынша жүйеленген;
  • Бес деңгей бойынша 5060сөз және сөз тіркесі қамтылған.

Қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтар




Қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтар тіл үйретудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген. Әр сабақта қарастырылған қазақ тілін меңгерудің түрлі әдістер сенімді түрде сөйлеуге дағдыландырады, өйсткені тілді меңгеруге арналған материалдар толық қамтылған.

«Тіл-құрал» оқу-әдістемелік құралы




Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін әзірленген оқу-әдістемелік құралдың құрылымдық бөліктері:

  • Алдын ала тест
  • Тест тапсырмаларын талдау
  • Қорытынды тест
  • Жаттығулар, қосымша ақпараттар, кілттер
  • Тыңдалым мен жазылым бөліктерінің компакт-дискідегі аудиожазбалары

Әдістемелік құрал

Әдістемелік құрал ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша емтиханға дайындалуға арналған. Әр тапсырманың мазмұнына байланысты талдау берілген. Тыңдалым және Жазылым бөліктері бойынша монологтер, диалогтер мен мәтіндер компакт-дискіге жазылған.

Жаттығу тестілері

Жаттығу тестілері жинағы қазақ тілін меңгерудің барлық деңгейлері бойынша тест тапсырмаларынан құралады. Жинақта дұрыс жауап нұсқалары беріліп, ол тілдік дағдылардың қалыптасуына және ҚАЗТЕСТ-ті сәтті тапсыруға септігін тигізеді.

Оқыту порталдары

1. Soyle.kz


Қазақ тілін онлайн оқыту бойынша керемет ресуртардың бірі болып Soyle сайты табылады. Интерактивті портал өткен жылдың желтоқсанында жұмысын бастап, қазақстандықтар арасында бірден танымал болды.

Интерактивті порталда қазір тіркеліп 12 мың адам оқып жатыр. Көбісі пікір жазып үлгерген екен.

Сайт өте қызық, еліктіреді. Грамматиканы осында меңгеру оқулаықтардағыдан әлдеқайда жеңіл. Күніне екі сағат уақытымды бөліп, қазірдің өзінде прогрессті сеземін. Қазақ тілі өте қызық!

Виолетта Дробышева

Материалдар қызық берілдеі. Әдістеме «сөйлейміз, оқимыз, тыңдаймыз, жазамыз» қағидатында негізделген.

Осында тек ережелер мен сөздік қана емес, сонымен бірге видео сабақтар, ертегілер мен атақты әндер бар. Жалпы 20 сабақ оқушыға тек сөйлеу ғана емес, сөздік қорын 10 мың сөзге толықтырады.

Біз коммуникативтік оқыту әдістемесін қолданамыз. Қазақ тілінің  грамматикасы тірі қазақ тілі арқылы беріледі. Әрбір ситуациялық жағдайға фразалар, жаңа сөздер, дайын етістікті конструкциялар таңдалады.

Асылжан Төрениязова, филология ғылымдарының докторы

Филологтар, методистер мен программистер Soyle.kz  сайтын 3 жылдай жасады. Портал желтоқсанда ашылып, қазір 11 мың қолданушылары бар.

Қазақстанда халықтың тек 70%-ы ғаламторға шығуы бар. Біздің тағы 5 млн отандастарымыз шетелде тұрады. Келесі жылы біз ағылшын тіліндегі нұсқасын жасамақпыз. Ол туристтердің Қазақстанға деген қызығушылығын халықаралық EXPO көрмесінің қарсаңында арттырады.

Азат Шауеев, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры

Қазақ тілін online оқу үшін тіркеуге бірнеше минут қана қажет, кейін өздігінен үйреткіш сізбен кез келген жерде болады.

Сайтта 10 мың сөзді, 20 сабақты, 500 ауызекі фразаны, 12 тақырыптық тілашарды және күнделікті тақырыптардағы 300 диалогты табуға болады.

Оқыту материалдардың үлкен әр түрлілігімен ұсынылған – видеороликтер, аудиоматериалдыр, анықтамалықтар мен сөздік карточкалар. Оқуда тағы интерактивті жаттығулар мен тесттік жаттығулар, әсіресе «Сөйлеу этикеті, мәдениет пен дәстүрлер» бөлігі ой-өрісті дамытады.

2. Мемлекеттік тіл порталы


Бұл портал бізге қандай қызық нәрселерді ұсынады?

Біріншіден, ол үлкен үш тілдік сөздік (қазақ-орыс-ағылшын).

Екіншіден, ғылым мен адам өмірінің жан-жақты аяларынан көпсалалы терминологиялық сөздіктер. Осындай салаларға: агропром, биология, тарих, әдебиет, мәдениет, информатика, география, математика және т.б. жатады.

Үшіншіден, ол сөздік кешені – тіл құралдары көмегімен сөз мағыналарының түсіндермесі бар лингвистикалық және мамандырылған сөздіктерден құралған бірыңғай қор.

Соған қоса техникалық қазақ тілі бөлімшесі бар – ол техникалық сала мамандарын қазақ тіліне оқытудың қашықтықтық мультимедиялық кешені.

Онымен бірге электрондық-терминологиялық орталық та бар – ол қазақ тілінің терминдерінің жиынын қалыптастыру мақсатныда мамандардың ұжымдық жұмысын ұйымдастырады.

Қазақ тілі корпусы қазақ тілінде жарық көрген ақпараттың барлық түрін жинау мен оларды өңдеу, жүйелеу және оларды белгілі параметрлер бойынша топтастыру мен талдау бағдарламасын енгізуге арналған.

Қазақ тілі корпусын жасау қазақ тілінің лексикасы мен грамматикасын ғылыми зерттеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақ тілінде жарық көрген ақпарат түрлерін жинау мен оларды өңдеу, жүйелеу мен белгілі параметрлер бойынша талдау бағдарламасын енгізуге арналған. Қазақ тілінің корпусын жасау Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі саналатын қазақ тілінің қазіргі сипатын талдаудың уникалды жүйесін қалытастырудың негізі бола алады. Корпустың мақсат-міндеттері:

  • Сөздіктер, грамматикалық анықтағыш, оқулықтар мен оқу құралдарын жасау үшін сенімді ақпарат көзі бола алады;
  • Тілі білімі саласындағы ғылыми болжамдарды мейлінше мол мұралар негізінде тексеруге мүмкіндік береді;
  • Қазіргі қазақ әдеби тілінің қолданысына қатысты кейбір мәселелерді анықтауда анықтағыш құрал қызметін атқара алады, яғни сөзбен жұмыс жасайтын барлық тұлғалар үшін (тіл білімі мамандары, әдебиетшілер, тілшілер, жазушылар, аудармашылар, қазақ тілі оқытушылары және т.б.) таптырмас көмекші құрал бола алады.

Сонымен бірге сайтта Қазақстан Республикасының географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы бар. Онда орыс жіне қазақ тіліндегі жазылуымен географиялық объектілердің 5 мыңнан астам атауы бар.

Үлкен жобаларының бірі – қашықтан оқыту кешені. Ересек адамдарға мемлекеттік тілді интенсивті түрде оқытуға арналған оқыту кешені.

Аталған бөлімде «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Гала ТВ» ЖШС тарапынан «Қуантаймен ойнап, оқимыз» және «Тілашар ENTER» бағдарламалары орналасқан.

3. Қазцентр


Ол Шығыс Қазаұстан лингвистикалық орталығының сайты. Мультимедиялық орталығында жеке, топ және корпоративтік оқыту бар. Интенсивті курсатр мен ауызекі қазақ тілінің курстары ұсынылған.

Қазақ тілінің курсы түрлі интерактивті жаттығулардан, сұрақтардан, курс материалдары бойынша сөздіктерден және интрактивті ойындардан құралған.

Оқушы мен мұғалім арасында қарым-қатынас белгіленген. Қажет болған кезде олар видеочат немесе электронды пошта арқылы бір-біріне хабардаса алады.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету үйлесімді тіл саясаты.

Нысаналы индикаторлар:

  • мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша емтихан тапсырудың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);
  • мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
  • мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);
  • тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық  қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
  • қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
  • республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылға қарай - 90%);
  • ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
  • республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);
  • үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15%).

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде (2011 - 2013 жылдар) тілдерді одан әрі дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізу көзделеді.
Мәселен, бірінші кезеңнің аясында мемлекеттік тілді оқыту стандарттарын жетілдіру, қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеудің және олардың қызметін рейтингтік бағалау ісінің құқықтық негізін әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылады.
Бұған қоса, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйелеуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша ономастика саласындағы, терминологиялық лексиканы біріздендіру мәселесі бойынша терминология саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар мен көрнекі ақпаратты сәйкестендіруді жүзеге асыру мәселесі бойынша антропонимика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.
Сонымен қатар, құқықтық олқылықтарды жою мен тіл туралы заңнаманың бұзылғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.
Осы кезеңде мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізетін, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін сақтауға және оқып-үйренуге қолайлы жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені, сондай-ақ нәтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүйесін енгізу көзделеді.
Екінші кезең (2014 - 2016 жылдар) аясында мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар мен әдістерді енгізу жөніндегі практикалық шаралар кешенін іске асыру қарастырылады. Сонымен қатар, осы кезеңде Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу ісін жүргізу, сондай-ақ олардың қызметіне рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары басталады.
Мемлекеттік тілді меңгеруді ынталандыру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру - мемлекеттік қызметшілердің, халыққа қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі міндетті төменгі талаптарды енгізу көзделеді. Бұған қоса, мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтумен қатар, әзірленген нормативтік құқықтық базаның негізінде қазақ тілінің терминологиялық қорын ретке келтіру, ономастикалық кеңістікті жүйелеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар басталатын болады.
Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017 - 2020 жылдар) мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру көзделеді.
Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу көзделеді.
Бұған қоса, ономастика, терминология, мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу, сондай-ақ толерантты тілдік ортаны сақтау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау міндеті аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог мамандарды тарту және халықаралық тәжірибені, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады.
Бұған қоса, этностардың тілдерін сақтау және мәдениеттерді өзара байыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету көзделеді. Кеңінен ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және қазіргі заманғы жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.
Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуіне жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін одан әрі іске асыру арқылы жоспарланады.

Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі сөйлеу мәдениетін дамыту болуға тиіс.
Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін және жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.
Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен бірге мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мерзімді баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етіледі.
Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электрондық тілдік қызметті құру және одан әрі дамыту, элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми жазба дағдыларын үйрету жүйесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғанына дау жоқ. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.

Қазақ тілі бойынша оқытатын онлайн ресурстардың тізімі

Қазақ тілін үйренеміз: жай және жетімді - http://kazcenter.kz

Қазақша-орысша-қазақша онлайн сөздік - http://sozdik.kz. Екі жақты аударма жүзеге асырылған. Виртуалды клавиатура қазақ тілінің оқшау әріптерін енгізуге мүмкіндік береді. Сөздік  базамен мамандырылған лингвистер мен филологтар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл порталы - http://til.gov.kz.

Мемлекеттік тілді дамытудың президенттік қоры - http://www.qazaq-found.kz/ru.

«Қазақстандықтар мен қазақ тілі» электронды кітапханасы - http://kazakhstanets.narod.ru. Ең үлкет тесттер жинағы.

Қазтест – қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау жүйесі - http://kazakhtest.kz.

«Сөйле»: қазақ тілінің онлайн курсы  - http://soyle.kz.

«Сөйлем»: орысша-қазақша, қазақша-орысша online аудармашы - http://www.audaru.kz.

"Kazakh Soft" - http://www.ks.kz/ktili2.htm.

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасы - http://til.vko.gov.kz.

«Тілашар» қазақ тілі сабақтары - http://www.tilashar.kz.

0
0
2406

Осы тақырып бойынша