Тоғыз құмалақтан жарыс өтті.
«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Басқұдық ауылдық округінде жастар арасында қазақтың ұлттық ойыны Тоғыз құмалақтан жарыс өтті. Өй өрісі мен ойлау қабілетін дамытуға үлесі зор ертеден келе жатқан ұлттық ойын түрінің аясы қазір кеңею үстінде. Дәстүр мен біте қайнасқан ұлттық ойын түрлері тарихымыз бен мәдениетіміздің ерекше айғағы ретінде көрініс береді.
Жас ұрпақтың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылығы басым. Соған орай жастарымызды тәрбиелеу жолында ұлттық ойындарымыз маңызды рөл ойнайтыны сөзсіз.
