Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

📷Тоқаевтың жақтастары Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті

📷«Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқ киім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.

📷«Президент сайлауы – мемлекетіміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. 20 қарашада қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау арқылы саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетуі маңызды», - деді РҚШ мүшесі, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.

📷Бұдан соң штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламадағы аймақтық көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бөліміндегі негізгі бағыттарды талқылады.

📷IT мамандармен кездесуде РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның цифрландыруға арналған бөліміне баса назар аударды.

📷Сонымен қатар, «ҚМГ Инжиниринг» алаңында РҚШ мүшелері өңірдің мұнайшыларымен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

📷Қалалық ипподромда штаб мүшелерінің спорт өкілдерімен және жергілікті «Көкмойнақ» командасының шабандоздарымен кездесуі өтті. Жүздесу барысында кандидаттың кәсіби және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы, салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары талқыланды.

#Toqaev2022

#ДауысберТоqaev2022

#ГолосуйЗаToqaev2022

0
0
175

Осы тақырып бойынша

📷Тоқаевтың жақтастары Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті - Yvision.kz