Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері аудандық ЖОББМ мүғалімдерімен кездесті.
Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері аудандық жалпы орта білім беретін мектебінің мүғалімдерімен президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Оның ішінде қолжетімді және сапалы білім бойынша тоқталып өтті.
Әділетті Қазақстанды құрудың негізінде ағартушылық құндылықтар жатыр.
Талантты, білімді, отансүйгіш ұрпақ неғұрлым көп болса, әл-ауқатымыз соғұрлым тез артады. Бұл істе педагогтеріміздің рөлі зор.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін арттыруы, шығармашылық жұмысына қолайлы жағдай жасау және оларды артық міндеттерден босатуды жалғастырамыз делінген. Сол мақсатта 15 түрлі атқарылар жұмыстардың мәселесі аталып өтті.
Жиын соңында алдағы сайлауға белсенді қатысуға және сол арқылы азаматтық белсенділікті қолдауға және еліміздің жаңару бағытын қолдауға шақырды.
#Toqaev2022
