ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Өткен жылдың жұмысы сараланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды

Өткен жылдың жұмысы сараланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалды

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша бүгін аудан-қалалық партия филиалы басшылығымен жиын өтті. Карантин талаптарына сай, жиын аудан-қалалық филиалдардың мамандары, облыстық, аудан-қалалық Партиялық бақылау комиссияларының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңес төрағалары онлайн режимде қатысты.

Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаеваның төрағалығымен өткен шара барысында 2020 жылғы атқарылған жұмыстар сараланып, филиал төрағаларының орынбасарлары С.Нұрқадыров және А.Кубентаев облыс көлеміндегі жұмыстарды баяндап өтті.

Гүлнәр Тойлыбаева алғы сөзінде: «Өздеріңізге белгілі биылғы жылы тұңғыш рет Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен елімізде партияішілік праймериз ұйымдастырылып, кандидаттарға іріктеу жүргізілді.

Праймериз кезеңінде тұрғындар арасында сайлауалды бағдарламамыздың жобасы талқыланып, елдің өтініш-тілектері, аманаттары жинақталып кеңінен насихатталды. Сайлау кезеңінде кандидаттарымыз, сенімді өкілдер мен белсенді жасотандықтар сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, белсендлік танытты. Алматы облысына барлық деңгейдегі мәслихаттарда 360 мандат болса, соның 304 мандатына «Nur Otan» партиясы ие болды. Барлықтарыңыздың қосқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!» - деп атап өтті

Шара барысында, 2020 жылы «Jas Otan» Жастар қанатының атқарылған жұмыстары жөнінде облыстық Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Е.Ақболатов Жамбыл, Қарасай, Балқаш аудандық партия филиалы төрағаларының бірінші орынбасарлары Ы.Амалбек, Қ.Айтжанов, Д.Садықбаев сөз алып, атқарған жұмыстары жайлы есептерін беріп, қорытындысында жыл көлемінде нәтижелі жұмыс көрсеткен Ақсу, Еңбекшіқазақ, Сарқан аудандық филиал басшылығына облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы А.Баталовтың Алғыс хаты табысталды.

Жиынды қорытындылаған Гүлнәр Тойлыбаева өз сөзінде аудан-қалалық партия филиалдарына бірқатар тапсырмалар беріп, биылғы жылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесін атап өтуде еліміздің жетістіктерін насихаттап, Сайлауалды бағдарламаның нақты шаралары нәтижелі іске асуында белсенді жұмыс атқару қажеттігін атап өтті.