Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

тістің адам өміріндегі рөлі қандай?

 

Тістің адам өміріндегі рөлі қандай? Сіз тісіңізді қаншалықты дәрежеде күтесіз? Қазір ерте кездегідей емес, егер тісіңізде олқылықтар болса оны жұлумен шектелмей, емдеудің түрлі әдіс-тәсілдері бар. Осы және өзге де сауалдарға жауап алу үшін стоматолог Әдебов Медеу Асылбаевичпен   сұхбаттасқан болатынбыз.

-Бұл салаға келуіңізге не себеп болды?

-Мамандық таңдауда еш қателеспегенімді мақтана айта аламын. Мен бала күнімнен тіс дәрігері болуға  асықтым. Бәлкім, анамның осы салада жүргенін көріп өскендіктен бе, маған  қатты ұнайтын.

-Қазақстанда осы сала бойынша қандай қиыншылықтар бар?

-Әрине, ешқандай қиындық жоқ деп айта алмаймын.  Көп болмаса да, бірнеше мәселелер бойынша . Біріншіден, өңірлерде сапалы стоматология аз, адамдар не сапасыз қызметке душар болады, не алыстағы облыс орталықтарына баруға мәжбүр. Екіншіден, маман тапшылығын айтсақ болады, әсіресе балалардың тістерін емдейтін маман өте аз. Мүмкін бұл балалармен жұмыс істеудің қиындығынан болар... Одан кейін халықтың өз денсаулығын күтуге деген дұрыс сана-сезімінің болмауы. Біз ауруымыздың асқынғанын аяғына дейін күтіп, тісіміз әбден жарамсыз болғанда  ғана дәрігерге барамыз. Сосын бар кінәнә дәрігерлерге жаба саламыз. Мұндай жағдайда көбіне дәрігерлер қауқарсыз болып жатады. Профилактика жасау, ауырудан әлдеқайда арзан екенін адамдар білмейді.

-Тіс күтіміне байланысты адамдардың жіберетін қателіктері?

- Негізі ауыз қуысын күніне екі рет тазалап тұру керек. Әр жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралып,тиісті ем-шараларды қолдану қажет. Мейлі, тісіңіз сау болса да, профилактика артық етпейді. Одан кейін тіске көп күш салмау керек. Көпшілігі қантты тісімен сындырып, қала берді жаңғақты да тісімен шағып  жатады. Бұл тіске, эмальға өте зиян. Ең маңыздысы, суық пен жылының  тепе-теңдігін сақтаған жөн.

-Тіс ауруынан адамды өлімге душар ететін жағдайлар бола ма?

-Жоқ, ондай жағдай болмаған. Бірақ ауруын қатты асқындырып алса,  нашар жадайға түсуі мүмкін.

-Тісті күніне неше рет және немен тазалау керек? Жалпы тісті көп жуғаннан эмаль бұзыла  ма?

-Жаңа да айтып өткен болатынмын. Тісті күніне екі рет, таңертең және кешке жуу керек. Таңертең арнайы тіс пастасымен тазаласаңыз, кешкісін тұз сумен немесе ас содасымен шайып жатыңыз.  Бұл сіздің эмальдарыңыздың қатаюына пайдалы. Сондай-ақ, тісті таңертең емес, таңғы астан кейін тазалау керек деген де пікір бар. Таңғы астан кейін тазалау дұрыс, бірақ таңертең де тазалау керек, өйткені ауыз қуысында түні бойы бактериялар жиналады. Күніне екі немесе үш жуғаннан ешқандай да эмаль бұзылатын жағдай болмайды.

-Жасанды тістерді өздеріңіз жасайсыздар ма, әлде қалыбын алып, арнайы жасайтындарға бересіздер ме?

-Өз лабораториямызда жасап шығарамыз.

-Тісті емдейтін аппараттарды қай елден алдыртасыздар және бағасы қанша?

- Стоматологиялық аппараттарды жасау Германия, Словакия, Чехия және Қытай елдерінде  дамыған. Орташа бағасы $ 5 000 – $ 30 000-ға  барады.

-Қазіргі таңда сәннің жүрмейтін жері қалмады. Сәнқой жастарымыз енді тісін сәндеуге көшті.Яғни тісін тесіп, ішіне бриллиант салады. Бұл денсаулыққа қаншалықты қауіпті?

-(күліп) Ол бриллиант емес, арнайы тас.Және тісті теспейді, арнайы желім құйып, соған жапсырамыз. Өзінің арнайы құралдарымен жасалғандықтан, денсаулыққа еш зияны жоқ.

-Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!

     


1
0
1271

Осы тақырып бойынша