ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Өтініштер ескерусіз қалмайды

Ағымдағы жылдың ақпан айында Еңбек ауылы тұрғындарының атынан «Nur Otan» партиясының Жамбыл аудандық филиалына ауылдағы жайылымдық жердің тарлығы жеткізіліп, аталған жерді жиде талдардан тазартуға техникамен көмек көрсету жөнінде өтініш түскен болатын.

Аталған мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалы тарапынан арнайы зерделену жүргізілді.

Нәтижесінде «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы төрағасы, «Таза мекен» ШҚ КМК директоры Н.Үкібаевтың ұйымдастыруымен техникалар бөлініп, аталған елді-мекен жиде талдардан тазартылды.

Ауыл тұрғындары өз кезегінде партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен көрсетіліп отырған көмектерге ризашылығын білдірді.