Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тілеухан Бекболат Қанайұлы ZOOM платформасы арқылы Приозерск қаласының тұрғындарымен онлайн кездесуі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялап, тиісті Жарлыққа сәйкес, Мәжіліс және маслихат сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді деп бекітілді.

2020 жылдың 29 желтоқсан күні ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттығына үміткер Тілеухан Бекболат Қанайұлы ZOOM платформасы арқылы сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыс жоспарына сәйкес, Приозерск қаласының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесуге қаламыздың қоғамдық бірлестік өкілдері, аумақтық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен ерікті белсенділер сонымен қатар басқада қала тұрғындары қатысты.

Бекболат Қанайұлы "NurOtan" партиясының халқымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, Ел экономикасын дамыту жолындағы ұсынған сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың орындалатынына сенім білдіре отырып, сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
118

Осы тақырып бойынша

Тілеухан Бекболат Қанайұлы ZOOM платформасы арқылы Приозерск қаласының тұрғындарымен онлайн кездесуі - Yvision.kz