Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

 Тілдер басқармасы “Рух пен тілдің” талабын орындады

“Рух пен тіл” ұйымының бастамасы өз нәтижесін беруде. Осыдан бірнеше апта бұрын тіл жанашырлары “Тіл сақшысы” жобасы аясында Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылыАхмет БайтұрсынұлыЖібек жолы көшелерінде және Арбатта арнайы рейд жүргізген еді. Рейд нәтижелері қалалық Тілдерді дамыту басқармасына жіберілген болатын. Сол шағымдар басқармада қаралып, оны орындау мақсатында енді Алматы қаласы прокуратурасына жолданғаны мәлім болды. Бұл туралы басқарма жіберген хатында мәлімдеген. Сондықтан, жастар ұйымының жобасы жерде қалмады, қолдау тапты.  Бүгінгі таңда бұл жоба Алматы қаласынан бөлек, Ақтөбе мен Талдықорғанқалаларында сәтті жүргізілуде. Және де өз нәтижелерін беріп келеді. Егер шынымен де өз ортаңды қазақыландырғың келсе, қатарымызға қосыл.

Төменде басқарма жіберген хатты жариялап отырмыз.

 
0
0
239

Осы тақырып бойынша

 Тілдер басқармасы “Рух пен тілдің” талабын орындады - Yvision.kz