Тікелей эфирге шықты
"Nur Otan" Жаңақала филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Аманғалиұлы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары» тақырыбына негізделген «Аймақ сипаттамасы және оларды жүзеге асыру тетіктері тұрғысынан» атты тікелей эфирге шығып, халықпен желіде жүздесті. Онлайн кездесуде 2021-2025 жылдарға арналған бекітілген бағдарлама бойынша ауылымыз үшін атқарылатын істердің жоспарын айтты. Р.Аманғалиұлы: -Ауылдағы басты мәселе боп келген су, жол жайы, денсаулық, білім салалары мен құрылыс нысандарының салынуы қолға алынып, жүзеге асады. Аудан төңірегіндегі күрмеулі мәселелердің де сметалық жоспары жасақталып тұр. Игі істер атқарылып келді, жалғасын да таба бермек. Халықтың әлеуметтік, эканомикалық жағдайын ескерусіз қалдырмай, көмектесуге, қол ұшын созуға партия қашан да әзір. Сондықтан саяси науқан кезінде бірліктеріңізді көрсетіп, "Nur Otan" партиясының жеңіске жетуіне атсалысуларыңызды сұраймын,-деп эфирді қорытындылады.
