Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тікелей эфирдегі тілдесу

Тікелей эфирдегі тілдесу

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа барынша түсінікті жеткізу, алға қойып отырған 7 бағытын жүзеге асыру жолындағы халықтың қолдауы, еліміздегі нақты ұстанымы мен өміршең жоспарлары туралы әлеуметтік желіде сайлаушыларымен тілдескен облыстық мәслихатқа кандидат М.Байжанов ашық әңгіме өрбітті.

Қазіргі таңда халықтың көзі ашық, түрлі ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы еліміздегі мәні зор саяси шараның өткізілуі туралы хабардар. Со себепті ауыл-аудан жұртшылығы өздерімен байланысқа шыққан кандидаттарға аймақ проблемасын айтпай жүре алмайды. Осы тікелей байланыс кезінде де жұртшылық қыс мезгіліндегі жол қатынасы, интернет байланысы,түнгі ауылды самаладай жарық қылатын электр шамдарын орнату т.б. мәселелер төңірегінде сауалдарын жолдады.

Бұған дейін де облыстық мәслихатқа кандидат болған Мадияр Жеңісұлы өзіне кезінде тапсырылған аманаттарға адал болса, алдағы партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес жоспарланған жұмыстарды ширату, халық өтінішін аяқсыз қалдырмау төңірегінде көптің сенімін бекітуге тырысты.

#NUROTAN

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
111

Осы тақырып бойынша

Тікелей эфирдегі тілдесу - Yvision.kz