Тікелей эфир арқылы сайлаушыларымен кездесті
28 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Салтанат Өтеғұлова мен Нұрлыбай Жолдыбаев үгіт-насихат жұмыстары негізінде ZOOM платформасы және Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы сайлаушыларымен кездесті. Онлайн форматтағы кездесуде үміткерлер партияның бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, өздерінің қолға алуға ниетті жобаларын таныстырды. Бұған дейін де өткен кездесулердегі сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін назарға ала отырып жұмыстар жүргізіп жатырғандықтарын да ескертті. Тікелей эфирде сайлаушылар ұстаздардың зейнетке шығуда жас мөлшерін азайту, білім саласында да жалпы барлық шарада кіші қызметкерлердің жалақысын көтеру, білім саласындағы педагогтардан басқа қызметкерлерге бір жолғы сауықтыру жәрдемақы беру, кәсіпкерлік саласын дамыту, жастарды қолдауға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Үміткерлер айтылған мәселелерді партия назарға алатындығын ескере отырып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда партияға дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

