ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
18

Тікелей эфир

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа агенттігінің «Антикор LIVE» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы штабының әлеуметтік желідегі реми парақшасында «Nur Otan» партиясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында тікелей эфир өтті. Эфир қонағы «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжегүл Габдуллина аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Аягөз аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы ақпарат беріп өтті.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы ауқымды міндеттерді және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу мақсатын жүзеге асыру жағдайында елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігінің сапасын арттыру қажет. Бұл мақсатты іске асыру үшін партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламасы әзірленді. Осы бағытта 2020 жылы 5 наурыз күні «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы» әзірленіп, «Nur Otan» партиясы Саяси Кеңес Бюросымен бекітілді. Аудан бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде іске асырылатын объектілер және бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдалануы туралы сұрақтар бақылауға алынып, үнемі қадағаланады»,- деді Кенжегүл Габдуллина.