Тікелей эфир
6 адам қабылданды. Көтеріп отырған сұрақтарының бағыттары әр түрлі. Алдымен қабылданған азаматтардың жағдайларын сұрап, "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдықпен таныстырдым. Көтеріліп тұрған мәселелер: " Таза су" бағдарламасымен келіп тұрған су кейде болмай қалады. Мотор жанып кетеді.
Орташа жөндеуден өткізіліп жатырған жолдын сапасы туралы.
Көпбалалы отбасы АӘК қалай алады. Қандай құжаттар тапсыру керек.
Зейнеткерлік туралы Заңға өзгеріс еңгізу мүмкін ба. Мұғалімдерді еңбек өтіліміне қарай ерте жастан зейнеткерлікке шығару туралы
Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы.
Интернет желісінің әлсіздігі туралы.
Осы сұрақтарға мүмкіндігімше жауап бердім. Ауылға судың берілуі туралы сұраққа "Сырым" коммуналдық мекемесі судың ауылға берілуіне жауапты екені және мекеме басшысына сауал жіберілетіндігі ескертілді. Орташа жөндеуден өтіп жатырған 12 км кірме жолы бүгінгі күнге дейін аяқталған жоқ. Аяқталу мерзімі 2021 жыл. Сол уақытта жолдын сапасын тексеруіне құзырлы органдар жауап береді. АӘК туралы ауыл әкімдігінде жауапты маман бар екендігі. Сол қызметкерге жолығу ұсынылды. Зейнеткерлік жас туралы да түсінік жұмыстары жүргізілді. "NurOtan" партиясының штабына сауал жолданады. Ауыл жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін мектептің спортзалы берілді. Үш жақты келісім негізінде пайдаланылады. Алдағы уақытта осындай форматта кездесулер жалғасады.
