Тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі
Тифлотехникалық құралдармен медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалар қамтамасыз етіледі. Сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, оқу машинасы, Брайль жүйесі бойынша жазу құралы, дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейер, нашар көретін адамдарға арналған сағаттар, сөз шығаратын термометр, сөз шығаратын тонометр, тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр алынған сәттен бастап кемінде 5 жылдан бұрын ауыстырылмайды. Сөз шығаратын глюкометр жиынтығына кіретін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшалары 300 данада сатып алынады. Глюкометр жиынтығына кіретін тест жолақшаларын пайдаланғаннан кейін қандағы қант деңгейін анықтауға арналған тест жолақшаларын мүгедектер өз қаражаты есебінен сатып алады. Тифлотаяқ, Брайль жүйесі бойынша жазу грифелі алынған сәттен бастап кемінде 2 жылдан бұрын ауыстырылмайды. Көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері 5 жылдан бұрын ауыстырылмайды. Рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз 1500 парақ мөлшерінде 1 жылдан кем болмайтын мерзімге беріледі. Брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал, Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе мүгедекке бір рет өмір бойына беріледі.
*** Тифлотехническими средствами обеспечиваются инвалиды первой и второй групп, дети-инвалиды в соответствии с медико-социальными показаниями и противопоказаниями. Ноутбук с программным обеспечением экранного доступа с синтезом речи, читающая машина, прибор для письма по системе Брайля, телефон мобильный со звуковым сообщением и диктофоном, плейер для воспроизведения звукозаписи, часы для лиц с ослабленным зрением, термометр с речевым выходом, тонометр с речевым выходом, глюкометр с речевым выходом и тест полосками заменяются не ранее, чем через 5 лет со дня их получения. Тест полоски для определения уровня сахара в крови, входящие в комплект глюкометра с речевым выходом, приобретаются в количестве 300 штук. После использования тест-полосок, входящих в комплект глюкометра, тест полоски для определения уровня сахара в крови приобретаются инвалидом за счет собственных средств. Тифлотрость, грифель для письма по системе Брайля заменяются не ранее, чем через 2 года со дня их получения. Нитковдеватели, иглы швейные для инвалидов с нарушением зрения заменяются не ранее, чем через 5 лет со дня их получения. Бумага для письма рельефно-точечным шрифтом в количестве 1500 листов выдается на срок не менее 1 года. Говорящий самоучитель брайлевского шрифта, азбука разборная по Брайлю выдается инвалиду один раз, пожизненно.
