ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Терроризм индексі: Қазақстан және әлем

Сидней университетінің Экономика және бейбітшілік институты жасаған терроризмнің жаһандық индексінде Қазақстан 138-ден 75-ші орынға ие болды. Бұл Қазақстандағы терроризмнің ықпал ету деңгейі салысытырмалы түрде төмен дегенді білдіреді.

Орталық Азия елдерінің ішінде Түркіменстанға терроризм іс жүзінде ешқандай әсер етпейді - индекс бойынша 138 орын. Бұл орынды Беларуссия мен Литва да посткеңестік кеңістіктегі республикалар құрамына кіретін 26 елдің тобымен бірге бөлісті.

Рейтингтің алғашқы қатарларын Ирак, Ауғанстан, Нигерия, Сирия, Пәкістан және Сомали алды, мұнда терроризмнің әсері өте жоғары. Ресей 34 орынға тұрақтады.

Қазақстаннан төмен, яғни лаңкестіктің одан да төмен деңгейімен рейтингте Қырғызстан (80 орын) және Өзбекстан (132 орын) тұрақтады.

Терроризмнің ықпал ету деңгейі Швеция (51-орын), Жапония (67-орын), Италия (69-шы) сияқты дамыған елдерде әлдеқайда жоғары екендігі байқалады.

Армения (83-орын), Грузия (89-орын), Әзірбайжан (98-орын), Латвия (107-орын), Молдова және Эстония (116-орын) сияқты елдерде терроризмнің әсері өте төмен.

Терроризмнің жаһандық индексі соңғы бес жыл ішінде төрт индикатордың көмегімен жасалды: террористік оқиғалардың жалпы саны, террористік актілердің салдарынан болған өлімнің жалпы саны, террористер келтірген жарақаттардың жалпы саны, террористік актілерден келтірілген мүліктік залалдың деңгейі.

Зерттеу авторлары терроризмді «зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы өздерінің саяси, әлеуметтік және діни мақсаттарына қол жеткізетін заңсыз ұйымдардың күш қолдану қаупі немесе нақты қолдануы» деп анықтайды.

Терроризмнен қайтыс болғандардың жалпы саны төмендеуді жалғастыруда, бірақ лаңкестік қозғалыстар жаһандық қауіп болып қалуда.

2019 жылғы индекс бойынша, былтыр терроризммен байланысты өлім саны 2017 жылмен салыстырғанда 15% төмендеп, шамамен 15 952 өлім орын алған. Сонымен бірге, қарулы қақтығыстар терроризмнің негізгі қозғаушы күші болып қала береді - террористік актілердің 95% -ы қақтығыстар болған елдерде орын алады. Бұл елдерде қауіпсіздік күштері, бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылым негізгі жапа шегетін нысандар болуда. Қақтығыстар болмаған елдерде туристер мен журналистер лаңкестердің басты құрбанына айналады.

Терроризм әлемде кең таралған мәселе болып қалуда. Өткен жылы 71 елде кем дегенде 1 адам терроризмнен жапа шекті, және 103 елде террористік актілер тіркелді.