Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Терминологиялық алаң

Құрметті оқырман!

«Termincom.kz» порталына жаңа бөлім қосылды. Енді сіздер термин аудару және бекітуге өз ойларыңызды қоса аласыздар. Ол үшін арнайы «Терминологиялық алаң» әзірленді. Онда төмендегідей мүмкіндіктер бар: - «Терминологиялық алаң» арқылы жаңа термин ұсынуға; - терминнің балама аудармаларын сауалнама түрінде талқыға салуға; - терминология саласына қатысты мақала, кітап, нұсқаулық және басқа да .doc, .pdf, .xls форматтарындағы құжаттарыңызбен бөлісуге; - айналаңыздағы қате аударылған мәтіндерді суретке түсіріп, алаңға жүктеуге болады.

Алаңның ерекшелігі: ол әлеуметтік желі интерфейсіне ұқсас етіп әзірленген. Яғни көз үйренген Facebook, Vkontakte немесе Twitter желісі сияқты функциялар қарастырылған.

Алаңға тіркелу үшін өзіңіздің электронды поштаңызды қолдануыңызға болады немесе әлеуметтік желілер арқылы тіркелмей кіру мүмкіндігі де қарастырылған.

«Терминологиялық алаңда» сарапшы мамандарға, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы мүшелеріне, орталық атқарушы органдарға немесе кез келген «Алаң» қатысушысына өз хабарламаларыңызды жолдай аласыздар.

Пост жазыңыз, термин ұсыныңыз, сауалнама жүргізіңіз, құжат немесе сурет іліңіз, пікір білдіріңіз, лайк басыңыз, сауалнамаға қатысыңыз, құжат жүктеп алыңыз және алаңның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Қазақ терминологиясының дамуына атсалысыңыз!

Сілтеме: https://termincom.kz/alan

0
0
505

Осы тақырып бойынша

Терминологиялық алаң - Yvision.kz