Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Терісаққан ауылында 60 орындық мектеп салынады.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Боранбаев Айболат білім сапасына тоқталып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Білім сапасын арттырамыз.

Барлық деңгейлерде сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. Коронавирус пандемиясы жағдайын ескере отырып, білім беру процесінің бір бөлігі онлайн-режимінде өтті.

Сондықтан орта мерзімді перспективада материалдық-техникалық базаны нығайтуға, мұғалімдердің кәсібилігін және орта білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады.

Білім сапасын арттыру үшін “Nur Otan” партиясы:

- 5 оқушыға 1 компьютер көрсеткішін 1 компьютерге 2 оқушы көрсеткішіне қол жеткізуді (компьтерлер 83 аз қамтылған отбасындағы 97 оқушыға беріледі), сонымен қатар қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ететін интернет роутерлерді сатып алу;

- Қашықтықтан оқыту сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын компьютерлік техникамен толық қамтуды қамтамасыз ету;

- 2021 жылы Терісаққан ауылында 60 орындық мектеп салуға.

- 4 мектепті күрделі жөндеуден өткізу: 2021 ж- А.Молдағұлова ат.ОМ, 2022 ж- Өтек НМ, 2023ж - Ақырап ОМ, 2024 ж. – Қобда қазақ ОМ;

- Ауданның барлық орта және негізгі мектептерін кезең-кезеңімен химия, биология, физика жаңа модификацияланған пәндік кабинеттермен жабдықтау;

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй және көтерме ақымен қамтамасыз ету арқылы пәндер бойынша оқытушылар тапшылығын азайту;

- Жыл сайын жоғары және бірінші санаттағы педагог кадрлардың үлесін 5%-ға көтеру;

Аймақты дамыту бағдарламасында енгізілді толықтай орындалуына ат салысамыз,- деп өз сөзін жеткізді

0
0
197

Осы тақырып бойынша

Терісаққан ауылында 60 орындық мектеп салынады. - Yvision.kz