Тергеу судьясының институты
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында семинар өткізілді, бұл семинарда заңдағы жаңа енгізулер талқыланды, оның ішінде соттарға тергеу судьяларының лауазымдарын енгізу.Іс-шараны аша отыра, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай 2015 жылғы 1 қаңтарда заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесін жаңғыртуға және халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталғанын айтып өтті.
ҚР ҚІЖК жаңалықтарының бірі - тергеу судьяның лауазымын енгізу болып табылады.
Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында күзетпен ұстауға санкция беруге; үй қамағына алу санкция беруге; экстрадициялық қамауға санкция беруге; кепіл болуды қолдануға; мүлікке тыйым салуға санкция беруге; бұрын күзетпен ұстау қолданылмаған адамға қатысты психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезде, оны қатаң оқшаулау жағдайында ауруларды ұстауға лайықталған психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыруға, сондай-ақ күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, сонымен қатар қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған психикалық ауруға шалдыққан адамдарға қауіпсіздік шараларын қолдану кезінде, кәмелетке толмаған күдіктіні, айыпталушыны арнаулы балалар мекемесіне орналастыруға қатысты сұрақтарды қарайды.
Семинарға қатысушылар қылмыстық сот ісін жүргізуге тергеу судьясының тұлғасын енгізу осы институттың маңыздылығы туралы және сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жедел сот бақылауын қамтамасыз ету мақсатында оның құзырлығын кеңейту туралы куәландыратынын айтып өтті.
