Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теректібұлақ ауылындағы кездесу.

Ауданның бекітілген желілік кестесіне сәйкес Теректібұлақ ауылдық клубында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Кенжеханов тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге жиналған ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама таныстырылды.

2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстарына талдау жасалып, басты бағыты тұрақты экономикалық даму мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылатын «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама түсіндірілді.

А.Кенжеханов негізі кәсібі мал шаруашылығы болып табылатын Теректібұлақ ауылының мал басы санын арттыру, таза ауыз сумен қамту, Зайсан ауданынан газ тарту, сапалы жол жөндеу жұмыстарына тоқталып, межеленген істердің уақытында жүзеге асатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында барлық тұрғындар «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын және дауыс беретіндерін жеткізді.

0
0
134

Осы тақырып бойынша

Теректібұлақ ауылындағы кездесу. - Yvision.kz