Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теректі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті.

❗️2019 жылдың 11 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімі Ә.Т. Жоламановтың төрағалығымен Теректі ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының кезекті отырысы өтті.

📍Отырыс барысында ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары бюджет қаржысының тиімді игерілуі бойынша есептері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатырған шаралар туралы баяндады.

📌Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының АМіЖ офицерінің м.а. Р. Қуанышқалиев қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылықты қалыптастыру, мемлекеттік аппараттағы этика нормалары, қоғамдағы адалдық, мемлекеттік органдардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша жұмыстың маңыздылығы туралы баяндама оқыды.

✅Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

0
0
331

Осы тақырып бойынша

Теректі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті. - Yvision.kz