Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ақжайық ауылында партия ардагерлерімен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері М.Ибраев және Б.Қазиханов партия ардагерлерімен Ақжайықта кездесті.

Ауыл ақсақалдарымен кездесуде штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді. Аудандық қоғамдық штабтың басшысы Мирхат Ибраев халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті. «Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр», – деді ол.

Ақжайық ауылының ақсақалдары Қ.Тоқаевты қолдайтынын, 20 қараша күні отбасымен дауыс беруге келетінін айтты.

#Toqaev2022

0
0
326

Осы тақырып бойынша

Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ақжайық ауылында партия ардагерлерімен кездесті - Yvision.kz